Белгілі қазақ скрипкашысы Марат Бейсенғалиев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрімен бірге алғаш рет өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Құрманғазы оркестрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрманғазы оркестрінің 88-інші концерттік маусымының ашылуында Бейсенғалиев оркестр сахнасында Карл Дженкинстің "Палладио" туындысын және скрипкамен жеке шығарма орындады.
"Бұл - әйгілі скрипкашының Қазақ өнерпаздарымен бірігіп алғаш рет өнер көрсетуі. Оның шеберлігі көрермендерді тәнті етті", - деді оркестр баспасөз қызметіндегілер.
Оркестрдің 88-концерттік маусымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.
"Құрманғазы оркестрімен өнер көрсету үлкен құрмет. Оркестр ұжымы өзінің ұлттық мәртебесіне сәйкес жұмыс жасады", - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы Марат Бейсенғалиев.