07 мая 2018 | 16:21

"Сәлем, ұлы дала" жобасы әншілер мен көрермендерді жақындата түсті

"Сәлем, ұлы дала" жобасы әншілер мен көрермендерді жақындата түсті. Бұл жоба арқылы жанды дауыстағы жоғарғы деңгейлі концерт халыққа жол тартты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне атақты әнші Тамара Асар айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сәлем, ұлы дала" жобасы әншілер мен көрермендерді жақындата түсті. Бұл жоба арқылы жанды дауыстағы жоғарғы деңгейлі концерт халыққа жол тартты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне атақты әнші Тамара Асар айтып берді.

"Бұл - нағыз халықпен жұмыс жасап жатқан жоба. Халыққа керегі осы. Ақысыз түрде халық өз еркімен демалысқа кешкісін жиналып, әртістердің өнерін қызықтайды. Нағыз қазіргі замандағы қазақ елінің телевидениесінің керемет жобасы деп есептеймін. Сондықтан жасасын, "Ұлы дала"! Жасасын, 7-арна! Қуаныштымын!", - деді әнші.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, әр жексенбі сайын Жетінші арнада тікелей эфирде көрсетілетін шоу-бағдарламада мереке қарсаңында Тамара Асармен қатар, Серік Ибрагимов, ағайынды Жүгінісовтер және Alem band тобы өнер көрсетті.

Ал "Хан шатыр" СОСО-нда жиналған бірнеше мың көрерменнің ішінен ниет білдіргендер сахна жанындағы "Жұлдыз ФМ" радиосының арнайы алаңында жүргізуші Жасұлан Қалимен тікелей эфирде өз сәлемдерін жолдау мүмкіндігіне ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, әр концерт өз ерекшелігімен өтеді. Келесі қайталанбас кеш қонақтары ретінде Ғаділбек Жаңай, Бейбіт Көшқалиев және басқа әншілер шақырылған. Жетінші арнамен өз жұлдыздарыңызға жақын болыңыз.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram