"Славян базары-2021" халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері Рухия Байдүкенова байқауға қатысуға кім үгіттегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Славян базары-2021" халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері Рухия Байдүкенова байқауға қатысуға кім үгіттегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рухия жеңісті халықпен бірге тойлау - бала күнгі арманы болғанын айтады.
"Бұл менің жеңісім емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі деп білемін. Байқауға үш жыл қатарынан ұлттық іріктеуге қатысып жүрдім. Бірінші жылы Қарлығаш апай маған "арықтасын" деп айтты. Ол кезде мен 95 келі болатынмын. Келесі жылы келдім. Жұлдызым жанбады ма... Бірақ, меніңше, ол кезде жұлдызды уақытым болмады. Үшінші жылы барам не бармаймын деп ойланып жүргенімде Димаш аға "қатысып көрсеңші, өтсең өттің, өтпесең өтпедің" деп айтты. Осылайша іріктеуге бардым. Қазылар алқасы елімнің атынан өнер көрсетуіме жолдама берді", - дейді Рухия ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
"Даусы бес октава" - оқытушысы Рухия Байдүкенова туралы
Еске салайық, Рухия Байдүкенова 19 шілдеде Витебскідегі "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Жас орындаушылар байқауының бас жүлдесіне қызу талас болған. Екінші турда вокалшылар бас дирижер Виталий Кульбаковтың басшылығымен Беларусь Президенттік оркестрінің сүйемелдеуімен славян хиттерін орындады.
Қызу тартыста Қазақстан өкілі Рухия Байдүкенова жеңіске жетті. Үздік орындаушыға бас жүлдені қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті. Кейін жеңімпаздың фотосын Facebook-парақшасында Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев жариялады.