РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 октября 2019 | 16:46

Нью-Йорктің қақ ортасында күй шерткен қазақ жігіттері жұртты сүйсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоты Видео скриншоты

Желі қолданушыларын Нью-Йорктың қақ ортасында қазақтың күйін шерткен өнерпаздар сүйсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желі қолданушыларын Нью-Йорктың қақ ортасында қазақтың күйін шерткен өнерпаздар сүйсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео кейіпкерлері - Думан Бекмырза, Жетпіс Нұрмағанбетов және Әлихан Зейнелов есімді жігіттер. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенттері. Видеода олар қазақтың атақты күйшісі Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" атты туындысын орындаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Нью-Йорктан сәлем✋???? @70nurmaganbetov @dumanbekmyrza @a.zeinelov ????New York, Times Square

Публикация от ????????© ZTB.KZ 2019 (@ztb_video)

Думан Бекмырзаның айтуынша, олар Нью-Йоркқа оркестрмен концерттік сапарға барған. 

"Бүгінде университетіміздің ректоры Айман Мұсақожаеваның бастамасымен Нью-Йоркте концерт беріп жатырмыз. Ансамбльдің атауы - "Шабыт" домбырашылар ансамблі. Негізі домбырашылар ансамблімен және симфониялық оркестрмен бардық. Нью-Йорктің атақты "Карнеги холл" залында концерт бердік. Әлі екі қалада өнер көрсетеміз: Филадельфия және Балтимор қалалары", - дейді Думан. 


Ансамбль мүшелері: Алихан Зейнелов, Думан Бекмырза және Жетпіс Нұрмағанбетов © instagram.com/dumanbekmyrza

Думан Бекмырзаның айтуынша, олар университеттің домбырашылар ансамблімен шетелге жиі шығып, концерт өткізіп тұратын көрінеді. 

"Бұған дейін ректор Айман Мұсақожаевамен бірге шетелге шығып тұрдық. Қазақ елінің атынан өнер көрсеткендіктен ол кісі үнемі жанына домбырашыларды да алып жүреді. Сол арқылы қазақ елінің дәстүрін дәріптеп жүрген адам", - дейді Думан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қазақтың қара домбырасы Франция(Париж)елінде шырқалды????????????????

Публикация от Бекмырза Думан Серікұлы???????? (@dumanbekmyrza)

Думан домбыра өнеріне бала күнінен қызыққан. Себебі, оны кішкентайынан ата-анасы домбыра үйірмесіне жіберген. Артынша Ақтөбе қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы колледжде оқыған. Бүгінде ол елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алып жатыр. Думанның айтуынша, ол 200-ге жуық күй орындай алады. 

Домбырашылар ансамблі © instagram.com/dumanbekmyrza

Думанның сөзінше, Нью-Йорк тұрғындары қазақ домбырашыларын ерекше қошеметпен қарсы алған. 

"Біз орталық көшеде өнер көрсеткен кезде әрине, тұрғындар керемет қабылдады. Себебі, олар домбыраға қатты қызығады. Біздің ұлттық аспабымыз - америкалықтар үшін жаңа әрі басқаша аспап. Біз көшеде домбыра тартқан кезде олар қызыға қарап, ерекше әсерге бөленді. Артынша бізбен суретке де түсті", - дейді Думан. 


Ансамбль мүшелері: Алихан Зейнелов, Думан Бекмырза және Жетпіс Нұрмағанбетов © instagram.com/dumanbekmyrza

Қазақтың ұлттық аспабымен желіде танылған жігіттердің видеосы бүгінде 150 мыңға жуық қаралым жинап, 500-ден аса пікір жазылған. 

"Жарайсыңдар, қазақтың жігіттері аман болсын!", "Біздің музыка ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды ғой, керемет!", "Нұрғиса Тілендиевтің Əлқиссасы! Керемет орындау!", - деп қолдау білдірген желі қолданушылары. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети