РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 января 2019 | 22:15

"Намысы бар әнші оған жоламайды". Бес әннің төртеуі плагиат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Плагиат әндер" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Плагиат әндер" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өз ойым" бағдарламасында өзге елден көшірілген әндер жайлы тақырып қозғалды. Бағдарламаға қазіргі таңда әлеуметтік желіде танымал түрік әніне жазылған "Жүрек алдамайды" деген әнді орындайтын Нұрсұлтан Нұрбердиев келді. Ол әннің қазақша нұсқасын орындаушы Мұрат Япыракқа көрсетіп, рұқсат алғанын айтады.

"Бұған дейін 15 шақты әнім болды. Осыған дейін плагиат жазбайтынмын. Тек қана белгілі Бауыржан Есебаев, Ерғали Көшербаев сынды авторлармен жұмыс істейтінмін. Осы әнді вайнның соңынан тыңдап, көңіліме бірден жақты. Сосын осы әнді шығаруға бел будым. Авторымен Instagram арқылы сөйлестім. Рұқсатын алдым. Яғни мұны плагиат деуге келмейді. Әннің аранжировкасын жаздым да, ешкімге таратпастан бірінші сол кісіге әнді жібердім. Түпнұсқасынан күштірек етіп шығаруға тырыстым. Ол кісі мені Ыстанбұлға шақырып, мен бардым. Алдынан өтіп, дуэт жазуға келістім. Өз дегеніме жеттім", - дейді Нұрсұлтан Нұрбердиев.

Түрік елінің әнін иемденген әншінің плагиат әндерді орындағанның еш айыбы жоқ деген пікіріне еліміздің композиторлары қарсы пікір білдірді.

"Ән таппау деген ән іздеуге байланысты. Әнді шетелде іздеп жүрсе, әрине ол Қазақстаннан іздемеген деп ойлаймын. Жалпы плагиатты екі түрге бөлуге болады. Бірі - келісімшарт бойынша алу (кавер). Менің де әндерімді келісімшарт бойынша Түркияда, Үндістанда шырқап жүр. Кезінде бізде ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін көркемдік кеңес деген болды. Бүгінде ондай жоқтың қасы. Әттеген-ай дейтінім, осы көркемдік кеңестің жоқтығынан осындай дүниелер болып жатыр. Ол кезде бір әнді шығару үшін бес мекемеден өтетін. Ол Қазақконцерт, Компазиторлар одағы, Телекөрсетілім, радио және Мәдениет министрлігінен өтетін болған. Біз солай тәрбиелендік. Егер сіз біреудің әнін орындасаңыз дуэт болып, сіздің де әнді ол өз елінде орындасын. Ұлттық құндылықты сақтап қалу керек", - дейді Марат Омаров.

Әнші Құрмаш Маханов та плагиат мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. 

"Бір әнмен тойларда жүріп, 10 мың доллар тауып жатқандар бар шығар, бірақ олар "Гауһартастың" жанында әдірем қалсын. Ондай ән мен үшін хит емес, оны хит қылып отырған басқа бір саяси себептер. Осыны анықтап алу керек. Анықтамайынша әңгімеміздің барлығы бос, жай ғана теледидарға түсіп қалу үшін айтылған дүние болып қалып жатыр. Мен плагиатқа қарсымын. Бүгінгі тойларда шырқалып жүрген әндердің басым бөлігі Балтық (Румыния, Венгрия) өңірінен келіп жатыр. Олар кезінде Түркияның ықпалынан, шығыстың әуеніне (Өзбекстан, Түркия, Араб) келетін музыкалар. Сол жақтан келіп жатқан әуендер. Намысы бар әнші оған жоламайды. Өйткені өзімізде алтын нәрсе бар, соны неге пайдаланбасқа? Әншіге барлық ерікті беріп қойып, "ақша тапсаң тап, таппайсың ба өзің біл" деген заман болғандықтан, әрине әнші жеңіл жолға жүгіреді", - дейді Құрмаш Маханов.

Көптеген хит әндердің авторы Құрманай Бахтиярқызы плагиат әндерді қолдайтынын айтты.

"Ән ұнаса, жүрегіме түссе - бізде де қиял бар ғой, бұл әнге қандай сөз дұрыс болады, қандай тақырып дұрыс болатынын ойластырамын. Ақын болғаннан кейін тақырыптың бәрін мен шешемін. Мынау саған болады, мынау болмайды деп бағыт көрсетемін. Маған ақша төлейтін адамға "плагиат айтайын деп тұрсың ба" деп жағасынан алудың не қажеті бар. Ақша үшін екен деп мен де нашар сөз жазып бермеймін ғой. Халыққа өтетін сөз іздеймін. Бүгінде халық не ойлап жүр? Несие, вайн түсіру, бәлкім біреуді сағынып жүр ме. Осының барлығын ескере отырып, дүниеге дұрыстау дүние алып келуге тырысамын. "Тауда түскен жапырақтар, тау текелер жүріпті" - деген сөз жазбаймын. "Гүл әпше, гүл әпше, Бақытты боп жүр әпше, Ты красавица вообще" дей салдым. Өтті. Кейде өзім композитор болсам деп қоямын. Ешкімнің де бетінен қайтарған емеспін", - дейді Құрманай Бахтиярқызы.

Көрермендер арасынан 5 қазақстандық танымал әнді атағанда ішінен төрт ән шетелдік болып шықты.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети