РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
28 апреля 2021 | 14:13

Коронавирусты екі рет жұқтырған Толқын Забирова қалай ауырғанын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram Фото: Instagram

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова коронавирус бірінші және екінші рет жұқтырғанда қалай ауырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова коронавирус бірінші және екінші рет жұқтырғанда қалай ауырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, коронавирусты бірінші рет жұқтырғанда қатты ауырған.

"Коронавирус бірінші рет жұққан кезде мамандар оның қандай дерт екенін, оны қалай емдеу керегін білмей, аң-таң болғанын білеміз. Бірінші рет жұқтырғанда өте ауыр өтті. Өткен жылдың маусымынан бастап шілденің соңына дейін бір жарым ай ауырдым. Бастапқыда үйде болдым, бірақ кейін ауруханаға түстім, сол жерде 25 күн антибиотик алдым", - деді Забирова.

Толқын Забированың сөзіне қарағанда, коронавирус екінші рет жұққанда ауруды айтарлықтай жеңіл өткеріпті.

"Екінші рет жұқтырғанда антиденелер арқасы ма деп ойлаймын, біріншімен салыстырғанда өте жеңіл өтті. Әлсіздік болды, асқа аздап тәбетім қашты алайда бұл жолы сағаттап жатпай, үйде үнемі қозғалып жүрдім. Маған қарағанда анам қатты ауырып жатыр. Ол кісі бірінші рет жұқтырды. Ел болып тілектерін айтып, дұғаларына қосып жатыр, Қасиетті айда оның да әсері болған шығар, беті бері қарады. Ал өзім ПТР сараптамасының нәтижесін күтіп отырмын", - деді ол.

Әншінің айтуынша, былтырмен салыстырғанда қазір дәрігерлер бұл дертпен дұрыс күресудің жолдарын біледі.

"Екінші рет ауырғаннан кейін менің байқағаным дәрігерлерде бұл дертті емдеуде тәжірибе болып, вирустың түрлі штамдарын зерттеп, соның арқасында көп адамды өлім аузынан аман алып қалып жатыр. Бұл аурудың арты осылай болады деп ешкім ойлаған жоқ еді, қаншама дәрігер оның жолында өмірін қиды, күнімен, түнімен науқастардың өмірі үшін күресіп жүр. Екінші рет ауырғаннан кейін бұл жолғы протоколдар да дұрыс, емдеу жолдарын да дұрыс тауып жатқан сияқты деген ойға қалдым", - деді Толқын Забирова.

 Еске салайық, бұған дейін Толқын Забированың екінші рет коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Толкын Забирова - Калкажан (@tolkynzabirova)

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети