19 ноября 2019 | 12:21

"Қазақтың суын ішіп, балын жеген бала екеніме мақтанамын". Димаш Жапонияда берген сұхбатында не деді?

Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Өнерімен бүкіл әлемді аузына қаратқан жезтаңдай әнші Димаш Құдайберген күні кеше барша қазақ елін тағы тәнті етті. Әнші Жапонияға 19 қарашада өтетін ABU TV Song Festival іс-шарасына келген. 18 қарашада Димаш жергілікті NHK арнасының Gogonama бағдарламасына сұхбат берген. Әнші сұхбат барысында не деді? Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өнерімен бүкіл әлемді аузына қаратқан жезтаңдай әнші Димаш Құдайберген күні кеше барша қазақ елін тағы тәнті етті. Әнші Жапонияға 19 қарашада өтетін ABU TV Song Festival іс-шарасына келген. 18 қарашада Димаш жергілікті NHK арнасының Gogonama бағдарламасына сұхбат берген. Әнші сұхбат барысында не деді? Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Айта кетейік, барша қазақ елін тәнті еткен, кешеден бері желіде қызу талқыға түсіп жатқан сәттердің бірі - әншінің келуіне орай Токио әуежайында хабарлама қазақ тілінде айтылғаны. Желі қолданушылары қазақ тіліне деген зор құрмет бұған дейін әлемнің бірде-бір елде жасалмағанын жарыса жазып жатыр. 

Реклама
Реклама

"Осының бәрі айналайын, Димаштың арқасы. Әнсүйер қауым қазақ тілінде ән салып тұрды. Осындай алтын, айдарлы ұлымызды құрметтей білгеніміз жөн", - делінген желіде тарап кеткен жазбада. 

Сұхбатқа оралсақ, бұл - әншінің күншығыс еліне жасаған алғашқы сапары. Бағдарлама жүргізушілері Димашты зор құрметпен қарсы алып, жапон елі жайлы алғашқы әсерін білді. 

"Ассалаумағалейкум, құрметті жапон халқы, құрметті ағалар, әпке! Жапония - өзінің тарихымен, мәдениетімен күллі әлемге мәлім, танымал ел. Сол себептен осынау тарихы терең, мәдениетімен ерекшелене түскен елдің қонағы болып, алғаш рет қадам басып келіп жатқаныма өте қуаныштымын", - деді Димаш. 

Жапондар - эмоциясын жасырмай, шынайы білдіретін халықтың бірі. Бағдарлама барысында да жапон тілшілерінің жезтаңдай әншінің ерекше образдары мен жасаған шоуларына таңғалып отырғанын аңғаруға болады.


NHK телеарнасында қонақта © instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

Сонымен қатар, әнші қазақ еліне ерекше ықыласын білдіріп, қазақ болып туғанын мақтан тұтатынын айтты. 

"Менің ойымша, әрбір елдің азаматы ең алдымен жаратушының, ата-анасының, елінің алдында міндетті түрде қарыздар болады. Ол өле-өлгенше дейін қарыздар болып өтуі тиіс деп ойлаймын. Өз басым қазақ елінде дүние есігін ашқаныма ерекше мақтанамын, қуанамын. Әлі күнге дейін әлемнің қай түкпірінде тұрсам да мен ең алдымен қазақ өнер мектебін көріп өскен, қазақтың суын ішіп, балын жеген бала екеніме ерекше мақтан тұтамын", - деді әнші. 

Әнші қазақтың ұлттық аспабы - домбыра жайлы да айтып берді. 

"Домбыраның шығу тарихы туралы айтатын болсақ, таңның атқанына дейін айтуға болады. Ол - қазақтың жаны, қазақтың рухы ең алдымен. Ол - аспаптан да үлкен дүние. 


Кұдайберген Айтбаев пен Димаш Құдайберген © instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

Менің атам да өнерден құр алақан емес. Атам және әкем мені ең алдымен домбыраға баулып үйреткен. Және де сәті түсіп жатса міндетті түрде Жапонияда өзімнің үлкен концертімді беріп, домбыраны сіздерге бір сусындатып орындап берермін", - деді әнші. 

Сонымен қатар, ABU TV Song Festival іс-шарасына келген әнші концерт ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. 


Димаш Құдайберген ABU TV Song Festival баспасөз мәслихатында © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Айта кетейік, әнші сұхбаттың толық нұсқасын Instagram желісіндегі парақшасына да жүктеген.  

Оқи отырыңыз:

Димаштың жұртты тәнті еткен костюмдері

"Сондай мінсіз". Әлем жұлдыздарының Димаш жайлы айтқан пікірлері


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram