РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 мая 2021 | 15:57

Ескендір Хасанғалиевке "Еңбек ері" атағын беру ұсынылды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/eskendir_khassangaliev Фото: instagram.com/eskendir_khassangaliev

Қазақ зиялылары Ескендір Хасанғалиевке "Еңбек ері" атағын беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақ зиялылары Ескендір Хасанғалиевке "Еңбек ері" атағын беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хабар" телеарнасындағы "Бүгін" бағдарламасының 4 сәуірдегі шығарылымы Қазақстанның халық әртісі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиевке арналды. Студияда жиналған зиялы қауым Хасанғалиевті еске алып, еңбегін жоғары бағалау хақында сөз қозғады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Асхат Маемировтің айтуынша, Ескендір Хасанғалиев қалдырған мұра шексіз, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

"Композитор, өнер қайраткері, өнер адамы, елін сүйетін азамат, мемлекетшіл азамат қандай болу керек - міне, Ескендір Хасанғалиев осыған жарқын үлгі болды. Ол кісінің еңбегі шексіз, бір ғана "Атамекеннің" өзі Алты алаштың бейресми әнұраны деп айтсақ болады. Өнерде сабақтастық деген дүние бар. Менің ұғымымда Ескендір аға Мұхит бабамыз, Ақан сері, Біржан сал, Мәди, Естай, бертіндегі Иса Байзақов, Ғарифолла Құрманғалиев, Кенен Әзірбаевтардың лайықты жалғасы. Сонымен қатар, өзіндік ерекшелігі Ескендір аға ән жазып қана қоймады, ол лирикалық баритон дауысты әнші-композитор. Яғни, сал-серілерден қалған мектеп деген - сол", - деді Маемиров.

Асхат Маемиров Ескендір Хасанғалиевтің әндерін үш топқа бөлді: патриоттық, рухани құндылықтар туралы және лирикалық әндер мен романстар.

"Ескендір аға өлмейтін, өміршең әндер, үлкен мұра қалдырды, ендігі мақсат - оның жалғасуы. Бір өкініштісі, осындай ұранды әндерді жазған Ескендір аға нағыз Халық Қаһарманына лайықты тұлға еді, "Еңбек ері қандай?" десе мен Ескендір Хасанғалиевті көрсетер едім", - деді ол.

Сонымен қатар, Ескендір Хасанғалиевке "Еңбек ері" атағын беруді мемлекет және қоғам қайраткері Бақтықожа Ізмұхамбетов те ұсынды.

"Кез келген адам оқиды, үйренеді, мамандығы бойынша жұмыс істейді. Бірақ, ән жазу, халықты тыңдатып, үлкен сахнада орындау кез келген адамның қанына бітпеген нәрсе, ол қанша оқыса да пайда болмайды. Үлкен талант иесі, белгілі азаматтардың бірі Ескендір ағамыз болды. Ағамызды қалай мақтасақ та, қасиетін, беделін, еңбегін қандай дәрежеде айтсақ та жеткізе алмаспыз. Сондықтан, Ескендір Хасанғалиевке "Қазақстанның Еңбек ері" атағын беруді ұсынамын және бұл ұсыныс кеңінен қолдау тапса екен деймін. Елге осынша еңбегі сіңіп, қазақ өнеріне осынша үлес қосып, еңбек қалдырған азамат сол дәрежеге лайық деп ойлаймын", - деді Ізмұхамбетов.

Бұл ұсынысты Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров пен Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші Бағдат Сәмединова да қолдады.

Tengrinews.kz тілшісі бұл ұсынысқа қатысты Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиевтің пікірін білді.

"Асыл әкемнің еңбегін бағалап, айтылып жатқан ұсынысты телеарнадан көрдім. Мұндай талантты, дарынды адамды тірі кезінде бағаласа, үлкен марапат берсе ол үшін ең үлкен бақыт болар еді. Осыдан 15 жыл бұрын берсе де ешбір жан, ешбір қазақ "бұл кісі мұндай жоғары марапатқа лайықты емес", деп айтпас еді, керісінше, қуанар еді. Бірақ, өкінішке қарай әкем өмірден кетіп қалды, өзі кетсе де артында мұра қалды - қазақ халқына сыйлаған әндері, үні, дауысы. Сондықтан, "Еңбек ері" деген атақты менің ойымша, беру керек, бұл дегеніңіз әділдіктің ең жоғары сатысы болар деп есептеймін", - деді Біржан Хасанғалиев.

Еске салайық, 30 сәуірде атақты әнші және композитор Ескендір Хасанғалиев 82 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Қазақстандық әнші және композитор Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды

Қайғылы жағдайға дейін үш күн бұрын Біржан Хасанғалиев әкесінің жағдайы аса ауыр екенін хабарлаған болатын. Ал, 22 сәуірде Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтердің жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.

Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев - 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Ол әншi, композитор, музыкант, Қазақ КСР-нің, Қазақстанның халық әртісі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының және Алматы қаласының Құрметті азаматы.

Ескендір Хасанғалиев Құрманғазы атындағы консерваторияны, кейін әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрген, ол Қaзaқстaн эстрaдaсының белгілі әншiлерi орындaйтын тaнымaл әндердiң aвторы. Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Ескірмеген махаббат", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен тыңдайды.

Қоңыр дауысының арқасында жылдар бойы халық әндерін орындап, радио мен теледидарда солис болды. Ескендір Хасанғалиев өзінің алғашқы "Анаға сәлем" әнін 1961 жылы жазған.

Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған "Атамекен" ("Әкелер жері") патриоттық әні 1970 жылы Қазақ КСР-нің 50-жылдығына арнап жазылып, елге кең тарады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети