12 октября 2019 | 21:06

Ерболат пен Есболат Беделхандардың ата-анасы жол апатынан қаза тапты

Гүлжамилә Әбілханқызы мен Беделхан Машан

"Орда" тобының әншілері, бүгінде продюсер Ерболат пен Есболат Беделхандардың ата-анасы жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі марқұмдардың туысы Өнерхан Сансызбайға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Орда" тобының әншілері, бүгінде продюсер Ерболат пен Есболат Беделхандардың ата-анасы жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі марқұмдардың туысы Өнерхан Сансызбайға сілтеме жасап.

Сансызбайдың айтуынша, оқиға кеше, 11 қазанда кешкі сағат 20.00 шамасында Ақтаудан Қарағандыға бара жатқан жолда болған. Көлікте төрт адам болған. 

Реклама
Реклама

"Ешқайсы аман қалмаған. Көлікте Беделхан Машан мен Гүлжамилә Әбілханқызы және Беделханның 76 жастағы әпкесі мен оның қызы бірге болыпты. Үлкен бір әжеміздің асынан қайтып келе жатып, осындай апатқа ұшыраған. Біз Беделханмен бір атадан тарағанбыз. Беделхан да, жұбайы да 65-те. Екеуі де жастайынан дәстүрлі өнермен айналысқан, мәдениет саласында тер төккен қайраткерлер", - деді марқұмдардың туысы. 


Сурет журналист Ришат Асқарбекұлының парақшасынан

Өнерхан Сансызбай марқұмдарды жерлеу рәсімі дүйсенбіде, 14 қазанда Алматы маңындағы Райымбек мешітінде сағат 10.00-де өтетінін хабарлады. 

Айта кетейік, Беделхан Машан мен Гүлжамилә Әбілханқызының төрт баласы бар. Олар: Махаббат, Жанболат, Ерболат, Есболат. Отбасы 1991 жылы Моңғолиядан көшіп келген. 90-жылдары Ерболат пен Есболат "Орда" тобында өнер көрсетіп, елге танылған. Бүгінде Ерболат Беделхан - танымал Ninety One тобының продюсері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram