РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 ноября 2020 | 09:09

"Аядай бөлмеде тығылып отыру қиын". Пандемия дәстүрлі әншілерге қалай әсер етті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz порталы пандемияның әр саладағы қазақстандықтардың өміріне әсері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Коронавирустың барлық салаға ықпалы зор екені анық. Дәстүрлі әнші Біржан Бәзілжанов пандемия өміріне қалай әсер еткенін айтып берді.


Tengrinews.kz порталы пандемияның әр саладағы қазақстандықтардың өміріне әсері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Коронавирустың барлық салаға ықпалы зор екені анық. Дәстүрлі әнші Біржан Бәзілжанов пандемия өміріне қалай әсер еткенін айтып берді.

Біржан Бәзілжанов Алматы облысы, Кеген ауданы, Тасашы ауылында дүниеге келген. Қазір Жабаев атындығы Қазақ мемлекеттік филармонясында солист болып қызмет атқарады.

"Жастайымнан өнерге жақын болып өстім, қара домбырамды жаныма серік етіп, қазақтың әнін саф күйінде кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында қолымыздан келгенше өнерімді арқалап жүрмін. Бұл өнер маған әкемнің қанымен, анамның ақ сүтімен дарыған шығар деп білемін. Әкем жыр-термелерді құйқылжыта орындағанда, үлкен әкем (әкемнің ағасы) күйлерді тебіренте шерткенде дүйім жұртты өздеріне иіріп алатын. Анам да сахнаға шығып әнші болмаса да, кішігірім отырыстарда сызылтып әнін шырқап отыратын", - дейді ол.

Ол әңгіме басында дәстүрлі әнге қалай келгенін айтып берді.

"Тағдыр жазуымен әкемнен ерте айырылдым. Десе де, маған Біржан деп есім бергенінің өзі артқан үміті, аманаты деп есептеймін. Әкемнің ізін жалғастыру мақсатында Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына "Дәстүрлі ән" мамандығына оқуға түсіп, осы мамандықтың бір шетін ұстап жүрмін", - дейді Біржан.

Оның айтуынша, пандемия дәстүрлі әншілерге де әсерін тигізген. Ең алдымен - бұл сахнаға шыға алмауы екен.

"Мен жұмыс істейтін филармонияда үнемі онлайн-концерттер беріп отырдық, әр түрлі түсірілімдер болды. Тек үйде отырып жасағанымыз болмаса, жұмысымыз тоқтаған емес. Бюджеттен жалақымыз толық төленіп отырды. Әрине, пандемия кез келген адам үшін оңайға соқпады. Жақындарымыздың, барша қазақтың амандығын тілеп, тәртіпке бағынып үйде отырдық. Қара домбырамыз қасымызда, онлайн-форматта болса да әнімізді шырқап, тыңдармандарымыздың көңілін ауладық", - дейді әнші.

Біржан пандемия басталғалы қашықтан жұмыс істеуге ауысқан. Ол мұндай режимнің пайдалы тұстары көп екенін айтады.

"Жұмысымыздың онлайн-форматқа ауысуы бір жағынан пайдалы болды. Бұрын көп уақытымызды жолға кетіретінбіз. Алматының ана шетінен мына шетіне жетуге біраз уақыт кететіні белгілі. Жолға кететін уақытымызды өзімізге жұмсап, денсаулыққа, рухани дамуға көңіл бөліп, біраз пайдалы дүниелермен айналысып қалдық", - дейді Біржан.

Карантин кезінде үйінде оқшауланған Біржан Бәзілжанов пандемия көп нәрсенің қадірін түсінуге үйреткенін айтады.

"Емін-еркін жүріп қалған қазаққа, соның ішінде өнер адамдарына төрт қабырғаға қарап, аядай бөлмеде тығылып отыру қиынның қиыны. Біраз жоспар, үлкен концерттер мен гастрольдік сапарлардың шегерілгені болмаса, шығармашылығыма аса бір нұқсан келді дей алмаймын. Әр қиыншылықтың артында бір жақсылық бар дегендей, бұл пандемия бізге біраз дүниенің қадірін ұғындырғаны сөзсіз. Денсаулықтың қадіріне, отбасы мен ағайын-туыстың қадіріне, еркіндіктің қадіріне сәл де болса жете бастадық", - дейді ол.

Біржан елдегі жағдай тұрақталса, талай концерт қойып үлгеретінін айтады. Таяуда шағын концерттер өткізуді бастапты.

"Елдегі жағдай тұрақтала келе мемлекетіміздің рұқсатымен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, 30 қазанда және 4 қарашада филармония сахнасында маусымдық алғашқы концертімізді бердік. Көрермендерімізбен көзайым болып, сағына қауыштық", - дейді әнші.

Біржан коронавирустан сақтық шараларын қатаң сақтайтынын айтады. Дәстүрлі әншінің сөзінше, ол ауырып, көп адам секілді дәм мен иіс жоғалтқан екен.

"Әрине бұл індет біраз адамды жақынынан, көптеген халық алдында жүрген жақсы адамдарымыздан айырып, қиынға соқтырғаны анық. Енді шыны керек, бәріміз бір ауырып тұрдық. Мен де иіс пен дәм сезбей қалуды өз басымнан өткердім. Аллаға шүкір, уақытында емделіп, қалпымызға келдік", - деді ол.

Оқи отырыңыз:

"Карантинде күйзеліске тап болдым". Пандемия журналистерге қалай әсер етті?

"Интернеті жоқ оқушылар бар". Пандемия мұғалімдерге қалай әсер етті?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети