РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 января 2020 | 09:00

Argonya репертуарындағы әндері туралы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Argonya лақапатымен белгілі әнші Арғын Аусаров Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Argonya лақапатымен белгілі әнші Арғын Аусаров Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында әнші репертуарындағы әндері туралы және халықтың оны қалай қабылдағанын айтып берді. Сонымен қатар, Арғын Аусаров бұған дейін әнші Меруерт Түсіпбаеваның "Кірмей қала ма деп қорқамын" атты әніне айтқан сынына жауап берді.

"Ол кісі цензураны айтып тұр, түсінемін. Бірақ ол кісі ән жайлы ойын айтуы үшін толығымен тыңдап көрсе, ондай пікірде болмас еді. Әннің тек бір бөлігін тыңдап алған кезде әртүрлі пікірде болуы мүмкін. Бір нәрсеге сараптама жасау үшін оны зерттеп шығу керек. Негізі ол әнді тыңдап та пікір айтатындар бар. Бейбіттің өзі де "өтпей қала ма деп істейік" деп айтқан. Мен "егер өтпей қала ма деп істесек, шынымен де өтпей қалады" дедім", - дейді әнші. 

Сонымен қатар, әнші Төреғали Төреәлімен орындаған дуэті жайлы айтып берді. 

"Төреғали ол - мюзикл. Авторы Ернар Сакупов деген досым болды. Төреғали сол мюзиклда басты рөлде ойнады. Неше түрлі әншілер шықты. Мюзиклда олар сол "Кірмей қала ма деп қорқамын" деген әнді айтқысы келді. Төреғали ұсынды. Ол ән Бейбітпен дуэт болғандықтан "Бүйту керек еді" деген әнді таңдадық", - дейді Арғын Аусаров. 

Айта кетейік, "The Эфир" бағдарламасының мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар. Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram, Twitter және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети