РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 ноября 2020 | 13:52

Банк банкротқа ұшыраса, кредит төлеу керек бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Кредит берген банк банкротқа ұшыраса, борышкер несиені төлеуге міндеттеле ме? Төлемесе банк қандай шара қолдануы мүмкін? Кредитор мен қарыз алушының құқықтары қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Кредит берген банк банкротқа ұшыраса, борышкер несиені төлеуге міндеттеле ме? Төлемесе банк қандай шара қолдануы мүмкін? Кредитор мен қарыз алушының құқықтары қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Несиелендірумен айналысатын маман Лаура Жолшыбаеваның айтуынша, төлемнен бас тартқан жағдайда, оған айыппұл салынып қана қоймай, қарызды қайтару мақсатында мүлкі тәркіленуі мүмкін

Жаңа келісімшарт жасалады

Оның айтуынша, банк банкротқа ұшырап, лицензиясынан айырылса да, қарыз бәрібір өтелуі керек. Себебі мұндай жағдайда кредитор мен борышкер арасында жаңа шарт жасалады.

"Банк лицензиясынан айырылған кезде кредитор, яғни банк пен қарыз алушының бұрын жасаған келісімшарты бұзылады. ҚР Азаматтық кодексінің 181-бабына ("Мiндеттемедегi адамдар өзгерген кездегi талап қою мерзiмi") сәйкес, жаңа келісімшарт жасалып, несиені қайтаруды талап ету құқығы үшінші тарапқа өтеді. Бұл дегеніміз сіз жаңа келісімшарт жасасып, төлемді дәл сол мөлшерде аудара бересіз", - дейді Жолшыбаева.

Банк міндетті түрде хабарлама жолдауы керек

Бірақ заң бойынша банк міндетті түрде борышкерге банктегі жағдайды түсіндіріп, хабарлама жіберуі керек екен.

"Банк лицензиясынан айырылса немесе банкротка ұшыраса қарыз алушыларына жазбаша түрде хабарлама жолдауы керек. Ол хабарламада жаңа кредиторға қатысты мәлімет пен ол кредитордың реквизиттері көрсетіледі. Хабарлама банктің ресми поштасынан келуі керек. Немесе көп жағдайда мұндай сипаттағы хабарлама сол банктің ресми сайтында жарияланады", - дейді ол.

Дегенмен, Жолшыбаеваның айтуынша, қарыз алушылардың көбі банктің банкротқа ұшырағанын естісе, төлем жасауды тоқтатып, несие тарихын бұзып алып жатады. Сол себепті маман келісімшартта көрсетілген төлемді жасап болған соң келесі айдан жаңа келісімшарт жасасу керегін ескертеді.

Кредит төленбей қалса, банк жалақыдан ұстай ала ма?

Ал кредит төлеген кезде банк банкротқа ұшырап қалса, жаңа келісімшарт бойынша тағы төлем жасап, алдыңғы төлемді қайтарып алуға болады дейді маман.

Банкротқа ұшыраған банк қандай жағдайда айыппұл сала алады?

Маманның айтуынша, лицензиясынан айырылған немесе банкротқа ұшыраған банктің екі жағдайда ғана борышкерге айыппұл салу құқығы бар.

"Біріншісі банктен ресми хабарлама ала тұра, ешқандай әрекет жасамаған, қарызы бойынша төлем жасамаған адамға айыппұл салынады. Ал екіншісі банк ресми сайтында банкрот болғаны туралы хабарлап, онда төлем жасаудың жаңа реквизиттерін көрсетсе де, кредитін төлемеген қазақстандықтарға банк айыппұл сала алады. Ал сайтты бақылауға мүмкіндігі жоқ борышкерлердің телефонына міндетті түрде хабарлама жолданады", - деп ескертеді Лаура Жолшыбаева.

Лицензиясынан айырылған банк ешқандай операциялар жүргізе алмайды

Сондай-ақ, маман банкротқа ұшырап немесе лицензиясынан айырылған банкте банк операцияларын жүргізу құқығы жоқ екенін айтады.

"Мұндай жағдайда төлем жасаудың жаңа тәртібі бойынша кеңес алу үшін байланыс орталығына қоңырау шалыңыз немесе банкке барыңыз. Лицензияны қайтарып алғанға дейін енгізген төлемдерді нақтылауды ұмытпаңыз. Бұл сома төленгенін растауды талап етіңіз. Яғни, қажет чектер мен реквизиттерді талап етіңіз", - деді ол.

Сол себепті егер банк банкрот болса және қарыз алушы міндеттемелерді орындауды тоқтатса (қарызды төлемесе), бұл сот ісімен аяқталуы мүмкін. Егер несиеде кепіл қойылса, онда кепіл өндіріп алынуы мүмкін. Несие қарыздары бұл жағдайда ешқашан "кешірілмейді" және "ұмытылмайды", олар тек басқа ұйымға өтеді дейді маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети