19 октября 2020 | 14:34

"Шіріген иіс шығады". Коронавирустың ерекше симптомдары қандай?

© Reuters

Коронавирус дүние жүзінде тарап жатқанына ұзақ уақыт болғанымен, оның кей сипмтомы әлі анықталмаған. Бүгінде ғалымдар бұл вирустың жаңа белгілерін әлі анықтап жатыр. Мысалы, таяуда коронавирус жұқтырған адам дәм мен иістен бөлек, есту қабілетінен де айырылуы мүмкін екені хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың соңғы уақытта анықталған ерекше белгілері туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус дүние жүзінде тарап жатқанына ұзақ уақыт болғанымен, оның кей сипмтомы әлі анықталмаған. Бүгінде ғалымдар бұл вирустың жаңа белгілерін әлі анықтап жатыр. Мысалы, таяуда коронавирус жұқтырған адам дәм мен иістен бөлек, есту қабілетінен де айырылуы мүмкін екені хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың соңғы уақытта анықталған ерекше белгілері туралы баяндайды.

Есту қабілеті жоғалуы мүмкін

Реклама
Реклама

Таяуда коронавирустың жаңа симптомы аталды. Есту проблемасы COVID-19 жұқтырудың тағы бір белгісі болуы мүмкін.

Лондон университетінің колледжі коронавирус жұқтырған науқастардың тиннитустың ерекше әсерін сезінгенін анықтады, бұл кезде құлаққа себепсіз шу дыбысы естіледі.


Фото:elements.envato.com

Егер аурудың симптомдары қатты білінсе, жағдай өршіп, тіпті, толығымен естімей қалуы мүмкін. Осыған ұқсас жағдайлар анықталғаны туралы хабарланды. Сарапшылар есту қабілетіне байланысты белгілерге назар аударуға кеңес береді.

Алайда құлақ шуылы коронавирус жұқтырғанда ғана пайда болмауы мүмкін. Сондықтан, айқын клиникалық көріністі алу үшін, есту қабілетінің бұзылуынан басқа, COVID-19-дың басқа белгілерінің болуы немесе болмауы ескерілуі керек.

Тағы бір ерекше белгі - ықылық

Коронавирустың ерекше белгілерінің бірі тұрақты ықылық болуы да мүмкін. The American Journal of Emergency Medicine журналында жарияланған зерттеуде дәрігерлер Чикагодан келген 62 жастағы науқастың ауру барысын сипаттаған.

Ер адам сәуірде үзіліссіз төрт күн бойы ықылық атқан соң, ауруханаға барған. Алайда онда COVID-19-дың әдеттегі белгілері, атап айтқанда жөтел, қызба, кеудедегі ауырсыну және ентігу болмаған.


© Reuters

Науқастың сараптамасы оң нәтиже көрсеткен, ал өкпесі қарайғаны белгілі болған. Сонымен қатар, ер адамның қант диабеті, гипертония және жүректің ишемиялық ауруы секілді созылмалы аурулары болған.

Мақала авторлары бұл коронавирус жұқтырған науқастың мұндай проблемаға шағымданған алғашқы жағдайы екенін атап өтті. Осыған байланысты дәрігерлер ықылыққа да назар аударуға шақырған, себебі бұл COVID-19 жұқтырғанын білдіруі мүмкін.

Ауыз қуысында бөртпе пайда болады

JAMA Dermatology журналында жарияланған мақалада испан ғалымдар тобы коронавирустың жаңа симптомын тапты.

Сарапшылар науқастардың 29 пайызының ауыз қуысында энантема - шырышты қабатта қатты бөртпе болғанын анықтаған.


РИА Новости©

Жалпы алғанда, зерттеуге 40 пен 69 жас аралығындағы 21 науқас қатысқан. Сонымен қатар, бөртпе COVID-19 басқа белгілерінен екі күн бұрын пайда болған.

Ғалымдар бұл симптомның барлық науқас арасында қаншалықты кең таралғанын әзірше айта алмайды. Себебі қауіпсіздік талаптарына байланысты науқастардың ауыз қуысын тексеру қиындау екен.

Барлық тамақтан "шіріген" дәм шығады

Коронавирус жұқтырғандар дәм мен иіс сезбей қалатыны бұған дейін де хабарланған. Бірақ кейін аурудан жазылғандарға иіс пен дәм оралады. Бірақ кез келген нәрсенің иісі мен дәмі жаман болып сезіледі.


© Reuters 

Telegram-чаттардың бірінде коронавирус жұқтырғандар аурудан жазылғаннан кейінгі әсерін бөліскен.

"Газдалған сусындардың бәрі жағымсыз. Кока-коланың дәмі шөп сияқты. Қалғанының бәрі темір шелектегі шіріген картопқа ұқсайды".

"Еттің, сарымсақтың, тіс пастасының, жұмыртқаның, қаймақтың дәмі - осының бәрі қазіргі кезде ацетонның да, бензиннің де дәмі сияқты".

"Ауырғаннан кейін мен денемнің жаман иісінен арыла алмаймын, шыққан тер шіріген пияздың иісі сияқты. Сағат сайын жуынамын, денеме гельді теңізше құйдым".

Гарвард медициналық мектебінің нейробиологтары бастаған халықаралық ғалымдар тобының зерттеуіне қарағанда, "коронавирус әсерінен науқастардың иіс сезуіндегі өзгерістер нейрондардың тікелей инфекциясымен емес, тірек жасушаларының жұмысына әсер етуімен байланысты" екен.

Балалалар тәбет жоғалтады

Ұлыбританиялық ғалымдар тобы балалардың тәбетінің төмендеуі коронавирустың белгісі болуы мүмкін екенін анықтады. Зерттеу барысында олар COVID-19 анықталған 18 жасқа дейінгі балалардың үштен бірінен көбі тамақтанбайтынын білген.

Daily Mail мәліметінше, Лондондағы Король колледжінің ғалымдар тобы тәжірибе ретінде COVID-19 Symptom tracker атты мобильді қосымшаның көмегімен вирус жұқтырған жүздеген баланың белгілерін бақылаған.


© Pixabay.com 

Сарапшылар коронавирус анықталған жас науқастардың жартысынан көбінде (52 пайыз) инфекцияның тұрақты жөтел, жоғары температура немесе иіс жоғалту сияқты әдеттегі симптомдары болмағанына назар аударған.

18 жасқа дейінгі науқастардың негізгі бес белгісі: шаршау (55 пайыз), бас ауруы (53 пайыз), дене қызуы (49 пайыз), тамақ ауруы (38 пайыз) және тәбеттің төмендеуі (35 пайыз).

Зерттеушілер бір ай ішінде вирус жұқтырған науқастардың мәліметтерін жинаған. Олар өздерінің симптомдары мен коронавирусқа сынақтарының нәтижесін хабарлап отырған. Тәжірибеге қатысушылар арасында ата-аналарының бақылауымен тіркелген және қолданған 250 мыңнан аса оқушы болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram