03 декабря 2019 | 13:40

"Сәл жөтелсе тұмау дейді". Дәрігер қазақстандықтар жиі қоятын қате "диагноздарды" атады

© РИА Новости

Қазақстандықтардың көбі денсаулығына атүсті қарап, үй жағдайында емделуді әдетке айналдырған. Дәрігерге қаралмай, Интернетті ашып, өз беттерінше диагноз қояды. Алайда оның қаупі зор екенін білмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне дәрігерлер айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың көбі денсаулығына атүсті қарап, үй жағдайында емделуді әдетке айналдырған. Дәрігерге қаралмай, Интернетті ашып, өз беттерінше диагноз қояды. Алайда оның қаупі зор екенін білмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне дәрігерлер айтты.

"Тәжірибемде байқағаным, маған келетін аналардың көбі балалары сәл жөтеліп қалса, тұмау деп бірден өздері диагноз қойып алады. Дәрігерге қаралмайды да. Ал тамағы қызарып тұрса, "ангина" дейді. Ол диагноз емес. Мысалы, ауру үшінші күнге созылса, температура түспесе, бірден антибиотик қабылдай бастайды. Алдымен аурудың себебін анықтау маңызды. Антибиотиктер қауіпті. Сондай-ақ, мөлшерден шамадан тыс дәрумен қолдану да әдетке айналған. Көбі ағзада дәрумен жеткілікті немесе керісінше жетіспейтінін анықтамай, кез келген дәруменді қабылдай береді", - дейді дәрігер Әйгерім Манарбекқызы.

Реклама
Реклама

Осы ретте дәрігер маманға қаралған соң ғана қажетті ем-домбы қабылдауға кеңес береді.

"Ағза әлсіремеуі үшін дәрумен керек деп дәріханалардан полидәрумендерді сатып алып, онды-солды бере береді. Оның қажеті жоқ. Дәрумендерді сараптама тапсырмай, артық қабылдау гипервитаминозға әкеп соғады. Оның жалпы денсаулыққа зияны көп", - дейді ол.

Педиатр Елена Ни де қазақстандықтардың көбі өз бетінше диагноз қойып, дәрігермен кеңеспейді дейді. Әсіресе, Нидің айтуынша, дәрігердің рұқсатынсыз антибиотик қабылдау қазақстандықтардың арасында кеңінен таралған.

"Өкінішке қарай, бүгінде антибиотиктер рецептісіз беріле береді. Қазақстандықтар өзіне қажет антибиотикті таңдап алып, оны балаларына да береді. Көбіне Интернеттен қарайды немесе достарынан, туыстарынан естіген антибиотик қабылдайды. Ең басты қауіп - олар ағзаға қажет мөлшерін білмейді. Дәрінің мөлшерін білмеу өте қауіпті. Осылайша, мөлшерден тыс дәрі-дәрмек қабылдап, нәтижесінде ағзаның аурулармен күрсе алмай, иммунитеті әлсірейді", - дейді Елена Ни. Оның сөзінше, бүгінде антибиотиктерге тәуелді аналар өте көп.

Сондай-ақ, педиатр қазақстандықтардың көбі D дәруменін мөлшерден тыс қолдануды әдетке айналдырғанын айтады

"Соңғы кездері D дәрумені мөлшерден тыс қолданылып жатыр. Барлығы - жарнама болсын, таныстар болсын, ағзада D дәрумені жетіспейді дейді. Иә, ол дәрумен қажет, бірақ ол барлық адамға жетіспейді деген сөз емес. Дәруменді мөлшерден тыс қолданудың кері әсері жетерлік, мысалы, тәбет болмауы немесе сіңір тартылып, тырыспа болуы мүмкін", - деп ескертеді дәрігер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram