РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 февраля 2022 | 16:53

Омикрон жұқтырғанда және одан кейін пайда болатын белгілер айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Коронавирустың омикрон штамы бүгінде дүние жүзінің 100-ден аса еліне тараған. Ғалымдардың айтуынша, былтыр 21 қарашасында анықталған штамм жеңіл өтеді. Ал штамды жұқтырғаннан кейінгі симптомдар әркімде әртүрлі байқалады. Омикрон штамының симптомдары қандай және мамандар қандай ұсыныс жасап отыр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


Коронавирустың омикрон штамы бүгінде дүние жүзінің 100-ден аса еліне тараған. Ғалымдардың айтуынша, былтыр 21 қарашасында анықталған штамм жеңіл өтеді. Ал штамды жұқтырғаннан кейінгі симптомдар әркімде әртүрлі байқалады. Омикрон штамының симптомдары қандай және мамандар қандай ұсыныс жасап отыр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Омикронға байланысты клиникалық сынақ

26 қаңтарда Pfizer және BioNTech SE компаниялары омикрон штамымен күресу үшін арнайы әзірленген вакцинаның клиникалық сынақтары басталғанын мәлімдеді. Reuters мәліметінше, компаниялар жаңа вакцинадан алынған қорғанысты вакцина алмаған адамдарға вакцинаның үш жеке дозасы түрінде тексеруді жоспарлап отыр. АҚШ-та өткізілетін сынаққа 18-65 жас аралығындағы 1400-ден астам ересек адам қатысатыны белгілі.

Ал ол вакцинаның мақсаты - ауруды асқындырмау. Бүгінде ол вакцина омикроннан қорғау жұмыстарын жақсартады. Бұл туралы Пенсильвания университетінің жұқпалы аурулар бойынша сарапшысы Пол Офит айтты.

Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом

Омикрон штамын жұқтырғандардың төрттен үші (73 пайызы) мұрын бітелетініне шағымданды. Бұл симптом Бангладештегі науқастарда көп байқалған. Одан бөлек, науқастардың 68 пайызында бас ауруы болған. Сонымен қатар, 64 пайызы шаршау сезімі барын айтқан. Омикрон жұқтырғандарда кездесетін тағы бір симптом - кем дегенде 60 пайызында түшкіру не тамақ ауруы, ал 44 пайызында жөтел болған.

Бангладештің денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Назмул Исламның айтуынша, бұл белгілерге назар аудару керек, себебі олар көбіне маусымдық тұмаудың белгілеріне ұқсас келеді.

Адам терісінде байқалатын белгі. Ғалымдар теріде пайда болатын белгілерге бөртпе мен құрғақтықты жатқызды. Сонымен қатар, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығындағы сарапшылардың сөзінше, омикрон жұқтырған науқастардың терісі бозғылт, сұр не көк бола бастағанын айтқан. Мұндай деректер байқалғанда бірден медициналық көмекке жүгіну керек.

Ал омикрон белгілері байқалғанда не істеу керек?

Мәскеу қалалық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас оториноларингологы Андрей Крюковтың айтуынша, тамақтағы қабынуды жеңілдету үшін антисептикалық ерітінділерді қолданған дұрыс. Үнемі күніне төрт-бес рет тамақты шайқау керек. Ауырсыну белгілерін азайту үшін таблеткаларды немесе анестетик спрейлерді қолдануға болады, бұл өте маңызды. Оларды күніне екі-үш реттен артық пайдалануға болмайды.

Бірақ антибиотиктерді дәрігердің өзі жазып бермей қабылдауға болмайды. Ауру кезінде де, алдын алу үшін де бөлмені үнемі желдетіп тұру керек.

Омикроннан жазылғаннан кейін де симптомдар байқалуы мүмкін

Медицина докторы Энн Мэридің сөзінше, омикрон жұқтырған науқастарда бел ауруы пайда болуы мүмкін. Одан бөлек, омикрон жөтелді, безгекті, дәм мен иісті жоғалтуды тудыруы мүмкін. Дегенмен, инфекциядан кейін кей адамда сақталатын екі ерекше белгі бар: ол бел ауруы және бас айналуы.

Омикрон жұқтыруға байланысты ағзада қандай өзгерістер болады?

Коронавирустың омикрон штамын жұқтырған кейбір науқастардың қан құрамы өзгереді. Бұл туралы гематолог Светлана Бычкова айтты. Науқастарда лейкоциттер, лимфоцитоз, моноцитоз санының көбеюі немесе азаюы байқалған.

Дәрігердің сөзінше, мұндай өзгерістер вирустық инфекцияларға тән. Бірақ науқастарда омикроннан кейінгі белгілер әртүрлі болады.

"Әртүрлі. Біреулерде еш белгісіз өтеді, ал біреулерде біраз өзгерістер болады", - дейді гематолог.

Қалай болғанда да, бұл - ағзаға иммундық шок.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети