ПОДЕЛИТЬСЯ
07 октября 2021 | 14:06
"Мұрын бітуі, тырнақ өспеу". Коронавирустың жаңа белгілері қандай?
Былтыр коронавирус пандемиясы басталғанда негізгі симптомдар бас ауруы, дене қызуы, иіс жоғалту болатын. Ал бүгінде вирус жұқтырған кезде басқа да белгілер жиі кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа белгілерге мән бермейтіндер оны жай тұмау деп ойлап, ауруханаға жүгінбейді екен. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың алғашқы симптомдары туралы баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Былтыр коронавирус пандемиясы басталғанда негізгі симптомдар бас ауруы, дене қызуы, иіс жоғалту болатын. Ал бүгінде вирус жұқтырған кезде басқа да белгілер жиі кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа белгілерге мән бермейтіндер оны жай тұмау деп ойлап, ауруханаға жүгінбейді екен. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың алғашқы симптомдары туралы баяндайды.
Күз басталғалы симптомдар өзгеріп кетті
ОСН мәліметінше, ресейлік дәрігерлер күзде коронавирустың алғашқы симптомдары өзгергенін айтады. Енді COVID-19 бен тұмау белгілері бірдей.
Фельдшерлер мен жедел жәрдем қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жетекшісі Дмитрий Беляков COVID-19 жұқтырған науқастар дәрігерге уақытында бармайтынын, себебі коронавирустың бастапқы кезеңінде симптомдар өзгергенін айтады. Енді бұл вирусты тұмау немесе ЖРВИ-мен шатастырып алу қаупі бар. Коронавирустың жаңа симптомы - мұрын бітуі.
© Reuters
Оның айтуынша, инфекция тез дами бастады, өйткені қазір науқастарда пневмония бұрынғыдай жетінші емес, үшінші күні пайда болады.
Есту қабілеті жоғалып, бас айналады
Дәрігер Александр Эдигер коронавирус жұқтырғандардың тамағы жыбырлап, ауырады екен. Сондықтан кейбірі оны коронавирус емес, тұмау деп ойлап қалады. Кей науқас есту қабілеті жоғалып, басы айналатынын айтқан. Дәрігердің сөзінше, бұл инфекцияның орталық жүйке жүйесіне әсер етуіне байланысты.
"Бұрынғы симптомдардың ішінде ас қорыту бұзылыстары қалды, бірақ қазір ол айқынырақ. Бұл іш ауыруы, диарея. Тамақ өте нашар қабылданады, дәнді дақылдар мен сорпалар да. Жүрек айнуы мен құсу мүмкін. Анализдерден көргеніміз, бауыр ұйытқуы да бар", - деді Эдигер.
Вирустың ауыр түрінде теріге бөртпелер шығуы мүмкін
РХДУ инфекциялық аурулар кафедрасының доценті Сергей Вознесенский РБК-ға берген сұхбатында коронавирустың жеңіл формасында бұрынғыдай дене қызуы немесе жөтел болуы мүмкін екенін айтады. Алайда ауыр формасында демікпе, әлсіздіктен басқа, көкірек қысылуы ықтимал.
Сонымен қатар, коронавирустың ауыр түріне пневмония, сепсис немесе қанның ұю жүйесіндегі бұзылулар тән. Сондай-ақ, дәрігерлер жүрек айнуы, құсу, нәжіс сұйық болуы, теріге бөртпелер шығуы мүмкін екенін жазады.
Иіс жоғалту сирек кездеседі
Былтыр коронавирус жұқтырғандар жиі иіс жоғалтса, бүгінде бұл симптом сирек кездеседі екен. Бұл туралы иммунолог дәрігер Владимир Болибок ресейлік Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, қазір жағдай өзгерген соң коронавирус диагностикасын жасау қиынға соғады.
"Бұрынғыдай белгілі бір симптомдар жоқ. Бір жыл бұрын айқын симптомдар болған, мысалы, иіс жоғалуы, бірақ қазір ол сирек кездеседі", - деді Болибок.
© Reuters
Маманның айтуынша, тестілеу мен арнайы жабдықты қолданар алдында COVID-19 диагнозын қоюдың жалғыз әдісі - адамның тыныс алуын тыңдау. Егер тыныштықта минутына 20-дан аса тыныс алса, онда адам дәрігерге қаралуы керек.
"Адам ауыр нәрсе көтермесе де, жиі тыныс алса, онда оның өкпесінде бірдеңе дұрыс емес. Онда шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет", - деді ол.
Ауру кезінде тырнақ өсуін тоқтатады
The Sun басылымының мәліметінше, ұлыбританиялық дерматологтар қауымдастығының президенті Таня Блейкер, адамның тырнағы арқылы коронавирус жұқтырғанын анықтауға болатынын айтты.
Маманның айтуынша, ауру кезінде тырнақ өсуін тоқтатады. Екі-үш аптадан кейін тырнақ пластиналарында ұсақ ойықтар және Миса сызықтары деп аталатын айқын, ақшыл көлденең сызықтар пайда болады. Бұл белгілер безгек және лимфома сияқты жұқпалы аурулар кезінде де көрінуі мүмкін.
Сондай-ақ, COVID-19 науқастарында тырнақ түбінің қызару жағдайлары тіркелді, бұл ұсақ тамырлардың қабынуы салдары болуы мүмкін.
Аурудың тағы бір белгісі, аурудан кейін тырнақтың ұшы сарғыш болуы мүмкін. Бұл симптом коронавирус жұқтырған егде жастағы әйелде байқалған. Тырнақ түсінің өзгеруі диагноз қойылғаннан кейін 16 аптадан соң пайда болды және кем дегенде бір ай байқалған. Қолдың тырнақтары шамамен алты ай ішінде мүлдем өзгереді.
Показать комментарии
Читайте также