РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 июля 2020 | 13:27

Моңғолияда анықталған бубон обасы туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қытай солтүстігі мен Моңғолияда кеміргіштер арқылы жұғатын бубон обасы тарай бастады. Оны бес адам жұқтырып үлгерген. Алайда мамандар аурудың бұл түрі инфекцияның жаңа түрі емес екенін айтады. Бубон обасы бактериялық ауру болғандықтан оны антибиотиктермен де емдеуге болады екен. Ғалымдар соңғы уақыттары бубон обасы дер кезінде анықталғандықтан оның тарау қаупі жоғын айтады. Моңғолияда анықталған бубон обасы туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Қытай солтүстігі мен Моңғолияда кеміргіштер арқылы жұғатын бубон обасы тарай бастады. Оны бес адам жұқтырып үлгерген. Алайда мамандар аурудың бұл түрі инфекцияның жаңа түрі емес екенін айтады. Бубон обасы бактериялық ауру болғандықтан оны антибиотиктермен де емдеуге болады екен. Ғалымдар соңғы уақыттары бубон обасы дер кезінде анықталғандықтан оның тарау қаупі жоғын айтады. Моңғолияда анықталған бубон обасы туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Бубон обасы туралы не белгілі?

Бубон обасы - бактериялық ауру. Ол суыр секілді жабайы кеміргіштерде жүретін бүргелер арқылы тарайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, аурудың бұл түрін жұқтырған ересектер егер оны уақытында емдемесе 24 сағатта қайтыс болуы мүмкін. Ұйымның ресми сайтында обаның екі түрі бары жазылған, олар: бубон және өкпе обасы. Көп жағдайда оба жануардан адамға тарайды.

2010-2015 жылдары дүние жүзінбе бубон обасын 3248 адам жұқтырған, оның ішінде, 584 адам қайтыс болған. Айта кетейік, бұған дейін оба XIV ғасырда "Қара өлім" деген атпен таралған екен. Еуропада тараған аурудың бұл түрінен 50 миллион адам қайтыс болған. Бүгінде обаны антибиотиктермен емдеуге болады. Обаның негізгі симптомдары: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, лоқсу мен жүректің айнуы.

© Reuters

Бүгінгі жағдай қандай?

29 маусымда сағат 10:00-ден бастап белгісіз мерзімге Моңғолияның екі аймағында карантин режимі енгізілген. Ұлттық зооноз орталығының мәліметінше, Цэцэг сомонының 27 жастағы тұрғыны суырдың етін жеп ауруханаға түскен. Келіншек әлі ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр. Ол 60-қа жуық адаммен тікелей байланыста болған.  

Сонымен қатар, Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолияның батысындағы Баян-Нұр қалалық округінде 5 шілдеде бубон обасы симптомы бар науқас анықталғаннан кейін эпидемиологиялық қауіпсіздік режимі енгізілген.

"Науқас ауруды жұқтырғанға дейін бубон обасының эпидемиологиялық ошағында болған. Бүгінде ол оқшауланып, ем қабылдап жатыр. Жағдайы - тұрақты", - дейді Баян-Нұр қаласының Денсаулық сақтау комитетінің өкілдері.

Сондай-ақ Алтай Республикасымен шектесетін Моңғолияның ауданында екі адамнан бубон обасы анықталған. Ұлан-Батырдағы Ресей елшілігінде республика билігі қажет шараны уақытында қабылдағанын, алаңдауға еш негіз жоғын хабарлаған.

Жергілікті билік аурудың бұл түрі адамнан адамға берілетінін, оны таратуы мүмкін жануарларды, оның ішінде кеміргіштер, суырды ауламауға және тұтынбауға кеңес берді.

Бубон обасы дүние жүзіне тарап кетуі мүмкін бе?

Ресей ғылым академиясының академигі Виктор Малеев РИА Новостиге берген сұхбатында бубон обасының тарау қаупі туралы пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, обаның емі бар.

"Оба - коронавирус емес. Себебі вакцина бар, екпе салдыруға болады. Сондай-ақ обаға қарсы дәрі бар. Оба бір-екі адамнан анықталғанымен оның тарау қаупі жоқ. Жергілікті дәрігерлер обаны қалай емдеу керегін біледі. Бұл инфекцияның жаңа түрі емес қой", - деді Малеев.

Бубон обасының ошақтары әлі де бар. Соңғы жылдары ол Конго Демократиялық Республикасы, Мадагаскар және Перуде анықталған. Бірақ олар дер кезінде анықталғандықтан тарауы тоқтатылған.

Саутгемптон университетінің кеңесші-микробиологы, дәрігер Мэтью Драйден де бубон обасына қатысты алаңдауға негіз жоғын айтты.

"Бұл жағдайда обаны дер кезінде анықтап, науқасты оқшаулап, аурудың тарауын тоқтатты. Бубон обасы COVID-19-ға қарағанда вирустан емес, бактериядан пайда болады. Оны антибиотиктермен де емдеуге болады", - деп түсіндірді ол.

"Қара өлім", "Испан тұмауы", "Малярия" - тарихтағы ең қауіпті пандемиялар

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети