24 августа 2020 | 14:52

Коронавирусқа қарсы сынақтан өткен вакциналардың қандай кері әсері болуы мүмкін?

© РИА Новости

Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеп, оны нарыққа шығару - дүние жүзіндегі денсаулық ұйымдарының маңызды міндеті болып тұр. Тамыз айындағы мәлімет бойынша, түрлі медициналық мекеме мен фармацевтикалық компания 231 вакцина дайындап жатыр. Оның 32-сі адам баласына сыналған. 2020 жылдың ақпанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ға қарсы вакцина 18 айдан кейін дайын болады деген үмітте екенін жеткізген. Вакцина тек дайындалып қоймай, сондай-ақ оның тиімділігі де жоғары болғаны маңызды. Сынақтан өткен вакциналарда қандай кері әсер байқалды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеп, оны нарыққа шығару - дүние жүзіндегі денсаулық ұйымдарының маңызды міндеті болып тұр. Тамыз айындағы мәлімет бойынша, түрлі медициналық мекеме мен фармацевтикалық компания 231 вакцина дайындап жатыр. Оның 32-сі адам баласына сыналған. 2020 жылдың ақпанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ға қарсы вакцина 18 айдан кейін дайын болады деген үмітте екенін жеткізген. Вакцина тек дайындалып қоймай, сондай-ақ оның тиімділігі де жоғары болғаны маңызды. Сынақтан өткен вакциналарда қандай кері әсер байқалды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жалпы вакциналар қауіпсіз. Яғни кез келген лицензияланған вакцина тексерістен сынақтың бірнеше кезеңінен өткеннен кейін ғана қолдануға жарамды болып саналады. Вакцина нарыққа шыққаннан кейін де бірнеше рет тексеріс нысанына айналады. Сондай-ақ ғалымдар вакцинациядан кейінгі әсерін бақылап отырады.

Реклама
Реклама

"Көбіне вакцинаға қолдың ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі деген секілді кері әсері аз уақытта кететін көрінеді. Ал айтарлықтай ірі кері әсер байқалған кезде тез арада тергеу жүргізіледі", - делінген ДДҰ сайтында.

Жалпы вакцинаны дайындап, оны нарыққа шығару бірнеше кезеңнен тұрады.

Біріншіден, вирусқа сараптама жасап, иммундық реакцияға не әсер ететіні анықталады. Екіншіден клиникаға дейінгі сынақ жүргізіледі. Сынақ жануарлар арқылы өткізіледі. Артынша клиникалық сынаққа ерікті адамдар қатысады. Оның өзі үш фазаға: І, ІІ және ІІІ деп бөлінеді. Бірінші фазаға 10-30 адам аралығында, екіншісіне 50-500 адам қатысуы керек. Ал қорытынды, үшінші фазаға 1000-нан аса адам қатысуы керек. Содан кейін ғана препарат тіркеуден өтіп, жаппай өндіріліп, вакцинациялау кезеңі басталады. Вакцинаны жедел әзірлеу және қолдану схемасы да осы тәртіп арқылы жүргізіледі.

© РИА Новости

Ғалымдар үшінші фазадан өтпей жатып, тіркеуден өткен ресейлік вакцинаның тиімділігіне күмәнмен қарап отыр. Ғалымдардың сөзінше, үшінші фазадан өтпеген коронавирусқа қарсы вакцина мутациялануы мүмкін. Қарапайым тілмен айтқанда вирус өзгеріске ұшырайды. Вирусологтар Ресейдің "Спутник V" вакцинасын оның коронавирусқа қарсы толық әсерін анықтағанға дейін қолдану туралы жоспарына алаңдаулы. 

"Вакцина тиімді екеніне көз жеткізсек дейміз. Біз оны шын мәнінде білмейміз", - дейді АҚШ-тағы Вандербильт университетінің Медциналық мектебінің педиатрия профессоры және вакциналар бойынша сарапшысы Кэтрин Эдвардс. 

"Спутник V" вакцинасын дайындағандар ол қауіпсіз екенін және екі ай клиникалық сынақ оның тиімді екенін дәлелдегенін айтады. Алайда зерттеу нәтижесі жарияланбағандықтан көптеген батыс ғалымы оған күмәнмен қараған. Сарапшылар вакцина толық сынақтан өтпейінше оған сенім арту қиын екенін айтады.

"Ресей жаппай халық бойынша тәжірибе өткізеді", - дейді ұлыбританиялық Уорик бизнес-мектебінің фармакологиялық зерттеу бойынша маманы Айфер Али.

Вакцинаны тез арада тіркеуден өткізгендіктен оның кері әсері толық анықталмауы мүмкін. Сарапшы ВВС-ге берген сұхбатында олар сирек, бірақ ауыр болуы мүмкін екенін ескерткен. 

Ресейлік вакцинаның үшінші фазасы 15 тамызға жоспарланған.

© РИА Новости

Сынақтан өткен вакциналарда қандай кері әсер анықталған?

АҚШ-та дайындалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина 15 шілдеде адамдардан сынақтан өткен болатын. Тәжірибе сәтті аяқталған. Бірінші фазадан кейін тәжірибеге қатысушыларда вирусқа қарсы иммунитет пайда болған. Сондай-ақ Moderna компаниясы дайындаған вакцинаны сынақтан өткізуге қатысқандарда антидене қалыптасқан.

Газета.Ru мәліметінше, вакцинаның кері әсері де болған - 50 пайыз ерікті адамда вакцинаны салғаннан кейін басы ауырсыну, тез шаршап қалу, дененің қалтырауы және бұлшықеттің ауырсынуы байқалған. Бұл белгілер екінші екпені салған кезде де анықталған. Алайда Moderna зерттеу жұмысын тоқтатуға себеп болатын критикалық белгі байқамаған.  

© РИА Новости

РИА Новости мәліметінше, ресейлік вакцинаның негізгі кері әсерлеріне - қалтырау, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, лоқсу, тәбеттің жоғалуы мен аллергиялық реакция жатады.

"Кері әсерлерден: көбіне аз уақыттық белгілер - тұмау секілді синдром, дене қызуының көтерілуі, миалгия, астения, жалпы әлсіздену және денедег3 белігелерден - инъекция салынған орын, гиперемия мен ісіну секілді белгілер анықталуы мүмкін", - делінген құжатта. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram