РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 июня 2020 | 16:19

Коронавирусқа қарсы иммунитетті қалай көтеру керек - дәрігердің кеңесі

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: blog.metro.ua Фото: blog.metro.ua

Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова коронавирус пандемиясы кезінде иммунитетті қалай көтеру керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова коронавирус пандемиясы кезінде иммунитетті қалай көтеру керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен дәрігер жеке гигиенаны сақтау керегін атап өтті.

"Қолдарыңызды жиі жуып жүріңіздер. Адам көп жиналатын орындарға бармаңыздар. Көп шаршамаңыздар, дұрыс тамақтанып, дұрыс ұйықтау керек. Химиялық препараттардың көмегімен иммунитетті көтермеңіздер. Біздің иммунды жүйеміз вируспен өзі күреседі", - деді ол.

Сонымен қатар, Тамара Утағанова созылмалы ауруы бар науқастарға сақ болуға кеңес берді.

"Егер созылмалы ауруларыңыз болса, оны емдеңіздер. Дәрігердің ақыл-кеңесіне құлақ асыңыздар", - дейді дәрігер.

Айта кетейік, Алматыда 3 586 адам қауіпті вирусты жұқтырды. 2 157 науқас дертінен айықты, 17 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 16 351-ге жетті. 10 195 науқас жазылды, 105 адам аурудан көз жұмды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети