ПОДЕЛИТЬСЯ
16 января 2019 | 15:06
Қазақстандықтардың үш пайызы ғана дұрыс тамақтанады - Диетолог
Таяуда Қазақстанның дұрыс тамақтанбаудан болған өлім салдарының рейтингінде ондыққа кіргені хабарланған еді. Зерттеу Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының тапсырысымен жүргізілген. Ғалымдар осы елдердің тұрғындары тұзы көп тағамдарды көп жегендіктен түрлі дертке шалдығып, салдарынан қайтыс болғанын тұжырымдап отыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таяуда Қазақстанның дұрыс тамақтанбаудан болған өлім салдарының рейтингінде ондыққа кіргені хабарланған еді. Зерттеу Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының тапсырысымен жүргізілген. Ғалымдар осы елдердің тұрғындары тұзы көп тағамдарды көп жегендіктен түрлі дертке шалдығып, салдарынан қайтыс болғанын тұжырымдап отыр.
Еліміздегі дәрігерлер де соңғы кездері қазақстандықтардың көбіне гастрит, тіпті асқазанның қатерлі ісігіне ұшырайтынын айтып жатыр. Статистикаға сүйенсек, асқорыту жүйесі аурулары тыныс алу және қан айналымы жүйесі ауруларынан кейін 3-орында тұр.
Осы аурулардың алдын алу үшін қандай өнімдерді тұтынып, қайсынан бас тарту керек? Дұрыс тамақтанбаудан қандай аурулар пайда болады және олар қаншалықты қауіпті? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап алу мақсатында Қазақстанның Ұлттық диетологтар және нутрициологтар ассоциациясының президенті Лилия Карпусевичпен сұхбаттасты.
Лилия Карпусевич қазақстандықтардың 3 пайызы ғана салауатты өмір салтын ұстанып, тамақтану рационын бақылайтынын айтады.
"Көбі құрамында майы мен көмірсуы көп тағамдарды қолданады, бұдан бөлек, аз қимылдайды. Осылайша, ол күнделікті әдетке айналып, семіздікке апарып, іш құрылысында түрлі аурулар пайда болып, нәтижесінде адам өліміне әкеледі. Қазақстандықтар тамақтану тәртібін өзгертсе жақсы болар еді. Бірақ ең алдымен отандық дүкендерде пайдалы тағамдардың бағасы қолжетімді болса дер едім. Барлығына қолжетімді болған кезде ғана салауатты өмір салтын ұстанады деп ойлаймын", - дейді Карпусевич.
© pixabay.com
Маманның айтуынша, дұрыс тамақтанбаудың салдарынан пайда болатын аурулар жетерлік.
"Дұрыс тамақтанбаудан, яғни майлы, көмірсу деңгейі жоғары тағамдарды көп жегеннен пайда болатын ауру өте көп. Аурудың көбі дұрыс тамақтанбаудан болады. Себебі балансталмаған рацион ағзаның бүкіл жүйесінің қызметіне әсер етеді. Асқазан-ішек жолдары аурулары, онкологиялық аурулар, тіпті жүрек-қан тамырлары ауруына әкелуі әбден мүмкін. Ал адамдар ол ауруларды елемей жүре береді", - дейді ол.
Карпусевичтің айтуынша, әрдайым дұрыс тамақтанған адам иммун жүйесі де жақсарып, түрлі аурулардан тез арада-ақ арыла алады. Дұрыс тамақтану зат алмасу ауруларының ғана емес, басқа аурулардан сақтайды.
"Бірінші кезекте тағам өнімдерінің құрамына қарау керек. Онда бояғыш заттар, консерванттар мен басқа да қоспалар өте аз болғаны абзал. Гидрогенизделген өсімдік майлары, түрлі тәттілендіргіштер мен шәрбаттар, нитриттер мен сорбиттер (қанттың орнына қолданылады) сияқты қоспалары бар өнімдерге әуес болмау керек", - деп кеңес берді маман.
© unsplash.com
Айтуынша, бірінші кезекте түрлі кәмпиттер мен тәттілерді жеміс-жидектермен, ал нан өнімдерін дәнді дақылдардан жасалған өнімдерге ауыстыру керек.
"Балық пен етті көбірек жеу қажет. Сондай-ақ, құс еті мен құрамында өсімдік майлары жоқ сүт өнімдерін қолдануға кеңес беремін. Бірақ соңғы кездері қазақстандықтардың көбінде организмі сүтті қабылдамайтынын айта кету керек. Ең бастысы - рационды бақылап отырып, шамадан тыс тамақтанбау. Осылай ғана асқазанның және жүрек-қан тамырларының түрлі ауруларынан сақтануға болады", - дейді Лилия Карпусевич.
Медицинаға жүгінсек, газдалған сусындарды шамадан тыс қолдану салдарынан ағзада калий жетіспеушілігі анықталады. Ал калий жетіспеушілігі ұзаққа созылса, адам сал ауруына шалдығып, мүгедек болып қалады екен. Бұдан бөлек, тәтті сусындар мен майлы тағамдарды жиі тұтыну тахикардия, қант диабеті, невроз, күйзеліс сияқты ауыр дерттерге апаратыны ғылыми тұрғыда анықталған.
Показать комментарии
Читайте также