РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 июня 2020 | 10:21

Қазақстан ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны тышқанға сынап көрді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dw.com Фото: dw.com

Отандық ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцина сынақтан сәтті өтіп жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Отандық ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцина сынақтан сәтті өтіп жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен министр Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік және биотехнологиялар саласы бойынша ғылыми зерттеулер жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Осы мәселемен жалпы 12 ғылыми ұйым айналысады. Онда 4,5 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Оның 1300-і ғылыми атағы бар қызметкерлер, "Болашақ" бағдарламасының 157 стипендиаты биотехнология, генетика, вирусология бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алды", - деді ол үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов еліміздегі ұлттық биотехнология орталығының жұмысына тоқталды.

"25 сертификатталған ғылыми зертханасы бар орталықта білікті қызметкерлер жұмыс жасайды. Осы пандемияның басында тест жүйелері елімізге жеткізілмей тұрғанда осы ұйымның ғалымдары небәрі 6 күн ішінде SARS COVID-2 коронавирустың тірі штамынсыз жасанды синтез арқылы жаңа коронавирустың бар-жоғын анықтайтын сенімді ПТР тест жүйесін әзірледі. Соның арқасында індеттің бірінші күндері осы тестілеу жүйесімен бізде жалпы диагностика іске асқан болатын", - деді ол.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша орталық қазіргі уақытта 11 мың ПТР тестін әзірлеп берген.

Сонымен қатар, министр биотехнологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттейтін институттың жұмысы туралы айтып берді.

"Бұл институт 1958 жылдан бастап, жұмыс істейді. 13 биологиялық қауіпсіздік зертханасында қауіпті инфекциялармен жұмыс істейтін еліміздегі жетекші ғалымдар біріктірілген", - деді басшы.

Асхат Аймағамбетов қазіргі таңда институт ғалымдары 3 платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеп жатқанын айтты.

"Біріншіден, инактивацияланған вакцина, химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген. Бұл вакцина бойынша ДСҰ инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 2020 жылғы 15 мамырда өзінің тізіміне ресми түрде енгізді. Екіншіден, рекомбинат супрлік вакцинациялар дайындалып жатыр. Үшіншіден, рекомбинат векторлық платформаның негізінде вакцина дайындалып жатыр", - деді министр.

Ол аталған кандидаттық вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатқанын жеткізді.

"Қазіргі уақытта жалпы сынақтар сәтті өтіп жатыр. 2020 жылғы 15 мамырда кандидатты инактивацияланған вакцина клиникаға дейінгі сынақ басталды. Ол тышқандарға егілді. Вакцинаның қауіпсіздік және иммуногенділігі тексерілді. 2020 жылғы 10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. Маусым, шілде айларында әртүрлі жануарға, оның ішінде приматтарға егіліп, ары қарай вакцинаның жалпы иммуногенділігі зерттеледі. Қыркүйек айында клиникалық зерттеулерге көшу біздің жоспарымызда бар", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети