30 июля 2019 | 10:19

Жүктілік кезінде қандай әйелдерге жаттығу қауіпті? Дәрігер ескерту жасады

Камила Долаева Корреспондент

Әсіресе алғаш ана атанғалы отырған қыз-келіншектер жүктілік кезінде уайымға салынады, баланың денсаулығын ойлап, босану қалай өтеді екен деп алаңдайды, қорқыныш сезімі де болады. Жүктілік кезінде денсаулыққа ерекше күтім жасалуы керек екені белгілі, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану сәтті босану кепілі. Спортты да ұмытпаған жөн, қазіргі таңда болашақ аналарға арналған жаттығу орындары өте көп. Десе де, жүктілік кезінде спортпен айналысуға бола ма, спорт түрін қалай таңдаймыз, жүктілерге қандай шектеулер бар, физикалық дайындығы жоқ келіншектер не істейді? Бұл сұрақтардың жауабын Tengrinews.kz тілшісіне гинеколог Айгерім Бөкебаева айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсіресе алғаш ана атанғалы отырған қыз-келіншектер жүктілік кезінде уайымға салынады, баланың денсаулығын ойлап, босану қалай өтеді екен деп алаңдайды, қорқыныш сезімі де болады. Жүктілік кезінде денсаулыққа ерекше күтім жасалуы керек екені белгілі, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану сәтті босану кепілі. Спортты да ұмытпаған жөн, қазіргі таңда болашақ аналарға арналған жаттығу орындары өте көп. Десе де, жүктілік кезінде спортпен айналысуға бола ма, спорт түрін қалай таңдаймыз, жүктілерге қандай шектеулер бар, физикалық дайындығы жоқ келіншектер не істейді? Бұл сұрақтардың жауабын Tengrinews.kz тілшісіне гинеколог Айгерім Бөкебаева айтып берді. 

Маманның айтуынша, физикалық жаттығуларды тек дәрігердің кеңесімен, ешқандай қарсылықтар болмаған жағдайда, жүктілік жақсы жүріп жатқан кезде ғана жасауға болатынын естен шығармаған жөн.

Реклама
Реклама

"12 аптадан бастап спортпен айналысуға болады. Спорт - қыз-келіншектерге, іштегі балаға артық салмақ жинамауға, өзіңді жүктіліктің соңғы айлары жеңіл, белсенді сезінуге көметеседі. Кез келген спорт түрімен айналысуға болады, бірақ ауыр физикалық жаттығулардан аулақ болыңыз, жүктілік кезінде ауыр көтеруге, марафон жүгіруге болмайды", - дейді гинеколог. 

Көптеген болашақ ана спортпен тек ерте уақытта ғана белсенді айналысқаным дұрыс деп ойлайды. Шын мәнінде, жаттығу үшін ең қауіпсіз кезең - жүктіліктің екінші триместрі, ал бірінші және үшінші кезеңде абай болу керек. Алғашқы апталарда ұрық ана ағзасында әлсіз бекиді, сондықтан жаттығу кезіндегі шамадан тыс ауырлықтан жүктілікті тоқтатып алу қаупі жоғары.

Десе де Айгерім Бөкебаеваның айтуынша, мұның алдында да спортпен тұрақты, белсенді айналысып жүрген, денсаулығы жақсы қыз-келіншектер дәрігердің кеңесімен жаттығуларын жалғастыра беруіне рұқсат. Ал спортпен бұрын-соңды айналыспаған қыздарға ағзаны күйзеліске түсіріп алмауы үшін, йога, гимнастика, фитбол сияқты жеңіл спорт түрін таңдаған жөн.

Дұрыс таңдалған жаттығулар жүктіліктің жеңіл өтуіне септігін тигізеді, жүректің айнуы азаяда, қан айналымын күшейтіп, қан оттегімен байиды, омыртқа мен арқа бұлшықеттерін жаттықтыра отырып, қосымша ауырлыққа дайындайды, босанғаннан кейінгі геморрой мен іш қату қаупін төмендетеді, психологиялық жағынан да көмегін тигізеді.

Бірақ үшінші триместрде жаттығуды азайту қажет. Жүктілік мерзімінің ортасына қарай бағдарламадан арқамен, аяқпен жатып орындалатын, терең отырып тұру, секіру және итеру сияқты барлық жаттығуларды алып тастаған жөн, себебі олар түсік тастауға алып келуі мүмкін. Кардиотренажерлерді қолдануға болады, бірақ қатты ауыр түсірмеңіз. Жаттығу кезінде ентігу, әлсіздік немесе бас айналу, тыныс алудың бұзылуы, іштің төменгі жағының шаншуы немесе басқа да ерекше симптомдар пайда болса, дәрігерге қаралу керек.

Айгерім Бөкебаева болашақ аналарға жүктілік кезінде айналысуға болатын спорт түрлерін айтып берді. 

Аквааэробика

Бассейндегі кез-келген қозғалыс судың кедергісін еңсеруді талап етеді, сондықтан бұлшық еттер жақсы жаттығады, ал су тінді массаж жасап, нығайтады. Аквааэробикамен тұрақты айналысатын жүкті әйелдерде әдетте терінің созылуы байқалмайды. Міндетті түрде терең бассейнге барудың қажеті жоқ, шағын, суы таяз жеде тұрып та айналысса болады. 

Жүзу

Су денені тыныштандырып, салқындатады, бұлшық еттегі ауырлықты жоюға көмектеседі. Ең бастысы шамадан тыс артық жаттығып қоймаңыз. Суда аяқ пен қолды сәл шығарып немесе арқамен жүзген дұрыс. Сонымен қатар, суының температурасы жақсы, таза, өзіңізге қолайлы жер таңдаған дұрыс. 

Стретчинг (созылу)

Бұлшықеттің демалуы жүйкені тыныштандырып, көңіл-күйді жақсартады, жағымсыз эмоциялардан айырылуға ықпал етеді. Болашақ аналар үшін стретчингтің пайдасы - ауырсынғанда өз денесін басқарып, босаңсуды үйретеді. Бірақ міндетті түрде маманмен кеңесу керек, өйткені жүкті әйелдерге барлық жаттығуды жасауға болмайды.

Йога

Жүктілік кезінде омыртқа мен буындар аса ауырлықты сезеді, ал йога жаттығулары бұлшықеттерді жақсы нығайтады. Бірақ жаттығулар арнайы жүктілерге арналуы керек, себебі аударылған қалыптағы дене қимылдары  қарсы көрсетілген!

Фитбол

Аэробика жаттығуларын үлкен шармен жасаған өте пайдалы, ол бүкіл денеге оң әсерін тигізеді. Доп бұлшық еттің шаршауын жояды, әсіресе арқаның ауруын басады. Тіпті жай ғана допта тепе-теңдікті ұстап отырғанда, сіздің омыртқаңыз тізіліп, қоординация дамиды, бұлшық еттің барлық бөлігі нығаяды.

Іш биі

Бидің бұл түрі ғасырлар бойы әйелді босануға дайындаған: ол құрсақ тығыршығы мен кіші жамбастың терең бұлшық еттерін жаттықтырады, аяқ бұлшық еттеріне жүк түсіреді, бұл көктамырлардың варикозды кеңеюінің алдын алады. Алайда жүкті әйелдерге жылдам жаттығып, соққы жасауға, артқа иілуге тыйым салынады. Іш биінен гөрі көбіне нәзік спорт түрімен айналысуға кеңес беремін. 

Жаяу серуендеу


Суреттер pixabay.com және pexels.com сайттарынан

Бұл спорттың ең қарапайым және қолжетімді түрі. Бірақ бірнеше ережені ұстану керек - 15-45 минуттан артық серуендеме, өзіңмен әрдайым ішетін су алып жүр, ыстық күнде бас киіміңді ұмытпа, ыңғайлы киім ки және серуеннен кейін аяғыңды көтеріп жату керек.

Дәрігер үй жағдайында да жаттығуға болатынын айтты. Міндетті түрде арнайы орындарға барудың қажеті жоқ. Үйде ашық ақпарат көздерінен қарап, йогамен айналысуға болады екен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram