РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 апреля 2019 | 12:57

Ит қапса қайтпек керек - Дәрігер мен заңгерден кеңес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде соңғы үш жылда иттердің шабуылынан 177 мыңнан аса адам зардап шеккен. Ал иттер күнделікті 160-тан аса адамға шабуыл жасайды екен. Бұл тек ресми тіркелген жағдайлар. Расында иттің тістеп алуының денсаулыққа қаупі зор екенін, оның тек жұқпалы ауруларды емес, мүгедектікке алып келетінін көбі біле бермес. Ал құтырған иттердің шабуылы тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. 


Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде соңғы үш жылда иттердің шабуылынан 177 мыңнан аса адам зардап шеккен. Ал иттер күнделікті 160-тан аса адамға шабуыл жасайды екен. Бұл тек ресми тіркелген жағдайлар. Расында иттің тістеп алуының денсаулыққа қаупі зор екенін, оның тек жұқпалы ауруларды емес, мүгедектікке алып келетінін көбі біле бермес. Ал құтырған иттердің шабуылы тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. 

Мұндай жағдайда ит иесі жауапкершілікке тартыла ма? Қандай жағдайда ол өтемақы төлеуге міндеттеледі? Жалпы ит шабуылдағанда не істеу керек? Иттің құтырма ауруына шалдыққанын анықтауға бола ма? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтарды сарапшыларға қойып көрді.

Ит үшін адам жауапты

Заңгер Нариман Сүлейменовтің айтуынша, қандай жағдай болса да, иесі өз иті үшін жауап береді.

"Ит адамға шабуылдап, зардап келтірілсе, міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. ҚР Азаматтық кодексінің 124-бабына сәйкес, үй жануарлары азаматтық құқықтың нысаны болып саналады. Яғни зат ретінде саналады. Сондықтан кез келген ит қожайынының меншік құқығы болады. Бірақ Қазақстанда үй жануарларын меншіктейтін тіркеу жүйесі әзірше жоқ. (...) Азаматтық кодекске сәйкес, иесі заты үшін толықтай жауап береді - оның басқа біреуге тигізген залалы үшін жауап береді", - деп түсіндірді заңгер.


Питбультерьер. © pexels.com

Осы ретте маман келтірілген залал қаншалықты ауыр болса, жауапкершілктің де соншалықты арта түсетінін айтты.

"Кез келген ит немесе үй жануары тигізген залал оның ауырлық деңгейіне байланысты өтеледі. Бұл дегеніміз жауапкершілік пен жаза залал деңгейіне байланысты белгіленеді. Егер тек мүлікке залал келсе немесе киім, сөмкеге, сондай-ақ, денсаулыққа аса ауыр емес (терісін тырнап алса) залал келтірілсе, ит иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ ол адам денсаулығына зиян тигендіктен немесе мүлік бүлінгендіктен азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады. Оны азаматтық тәртіпте сотқа шағым түсіріп, жауапкершілікке тартуға болады. Сондай-ақ, зардап шеккен тарап моральдық шығын талап ете алады", - дейді Нариман Сүлейменов.

Иттің қожайыны 2-5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сондай-ақ, заңгер нақты қай жағдайларда қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын түсіндіріп берді. Маманның айтуынша, ит иесін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бірінші кезекте міндетті түрде полицияға арыз жазу керек.

"Үй жануары адам денсаулығына орта немесе ауыр зиян келтірсе, мұнда ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабында ("Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру") арнайы жаза қарастырылған. Ал келтірілген зиянды медициналық сараптаманың нәтижесі көрсетеді. Оның барлығы қылмыстық іс материалдарына қосылады", - дейді Нариман Сүлейменов.

Бұдан бөлек, заңгер жануардың шабуылы адам өліміне әкелген жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабына ("Абайсызда қазаға ұшырату") сәйкес, ит иесі бес жылға дейін сотталуы мүмкін.


© pexels.com

Ит құтыратын маусым

Мал дәрігері Қуанышов Беріктің айтуынша, көктем мезгілінде иттердің құтырма ауруы қатты асқынады. Айтуынша, осы мезгілде иттер ашушаң болады.

"Құтырма ауруы көктемде асқынады. Әдетте алыс аумақтарда, адам тұрмайтын жерлерде мекендейтін иттердің құтырманы жұқтыру қаупі көбірек. Кез келген жыртқыш жануар итке жақындаған жағдайдың өзінде, біраз уақыттан соң ит міндетті түрде құтырма ауруын жұқтырады. Бірақ бұл сирек кездесетін жағдай. Дегенмен үй иттері немесе қаңғыбас иттер шабуылдаса уақыт өткізбей бірден жараға жасыл дәріні жағып, жедел жәрдем қызметін шақырып, құтырмаға қарсы барлық антибиотикті қабылдау керек", - дейді мал дәрігері.

Маманның айтуынша, міндетті түрде мал дәрігерін шақырту керек. Ол бұл жағдайды тіркеп, шабуылдаған итті 10 күн уақыт бақылайды екен.

"Итті міндетті түрде 10 күн бақылау керек. Неге 10 күн десеңіз, ит расында да құтырма жұқтырған болса, ол 10 күн ішінде өліп қалады. Сол кезде дәрігер сараптама жүргізу үшін материалдар ала алады. Нақты диагнозды анықтап, иттің құтырманың қай түріне шалдыққанын анықтау үшін зерттеуге иттің басын қолданады. 3-4 күн ішінде сараптаманың қорытындысы шығады да, мал дәрігері арнайы анықтама береді", - дейді Қуанышов.


© vesti.ru

Қай ит тұқымы қауіптірек?

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, бүгінде иттің құтырма жұқтырған-жұқтырмағанын қан арқылы тек Германияда анықтауға болады. Ол кезде итте Тельца Негри вирусы пайда болады екен. Бұдан бөлек маман көбі құтырманы уланумен шатастырып жататынын айтады. Айтуынша, құтырма мен уланудың белгілері ұқсас - көзі қызарып, сілекей ағады. Сондықтан дәрігер әрдайым абай болуға кеңес береді.

Кинологтардың мәліметтеріне қарағанда, адам өміріне қауіпті иттердің қатарында америкалық питбуль, бультерьер, сенбернар, маламут, питбультерьер, доберман, мастиф, тұқымды иттер бар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети