Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Әсел Омарқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жүктілік кезіндегі коронавирус инфекциясына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Әсел Омарқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жүктілік кезіндегі коронавирус инфекциясына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әсел Омаркұлованың сөзінше, жүктіліктің алғашқы триместрі - өте маңызды кезең. Бұл кезеңде жүкті әйелге ешқандай дәрі-дәрмек, вакцина салдырмаған дұрыс. Себебі ол баланың физиологиялық процесіне кері әсер етуі мүмкін. Вакцинаны жүктілікке дейін жоспарлап салдырған дұрыс. Дәрігер жүкті әйелдер вакцина салдырғысы келген жағдайда оны екінші немесе үшінші триместрде салдырған дұрыс екенін айтады.
Дәрігердің сөзінше, жаңадан босанған әйел қарапайым жеке гигиена талаптарын сақтамаған жағдайда балаға коронавирус инфекциясы жұғуы әбден мүмкін. Жаңадан туған нәресте вирус жұқтырып алмауы үшін баланы емізер алдында және одан кейін анасы үнемі қолын жууы керек, маска тағып сақтануы керек. Әсел Омаркұлованың сөзінше, бұған дейін де жаңадан туған сәбилерден ПТР-тест алынған. Көбіне нәтижесі теріс шыққан.
Жоқ. Ең алдымен әйел адамның жағдайын білу қажет. Яғни коронавирус жұқтырған әйелдің ауруханаға жатуы инфекция мен ауру дәрежесіне байланысты. Ауру жеңіл және симптомсыз өткен жағдайда емдеу амбулаторлық жағдайда болады. Егер қандай да бір симптом байқалса бірден дәрігеріне хабарласуы керек. Бақылауға алынған әйелде 14 күн ішінде ешқандай симптом байқалмаса ол үйіне жіберіледі. Коронавирус жұқтырған жүкті әйел үйде отыруы керек. Үйде отырған әйел дәрігеріне хабарласып, жағдайын айтып отыруы керек.
Вирус ана сүті арқылы берілмейді. Дәрігердің сөзінше, ғылыми мақалалардағы мәлімет бойынша, балаға тек анасының ағзасындағы антидене берілуі мүмкін.
Дәрігердің сөзінше, Кесарево тілігі әйел адамда қан кетіп, есінен танып, шұғыл реанимациялық көмек көрсету қажет болған жағдайда ғана жасалады. Бірақ коронавирус инфекциясы Кесарево тілігін жасауға себеп болмайды.
Әсел Омаркұлованың сөзінше, пандемия кезінде бала туу көрсеткіші көбейген. Бірақ дәрігер жүктілікті жоспарлауды ұсынды. Вакцина салдырып, сосын жүктілікті жоспарлаған дұрыс. Себебі қауіп туындауы мүмкін. Яғни түрлі жағдай болады: кейде 40 жастан асқан әйел жүкті болып қалуы мүмкін немесе бала көтерген әйелдің қосалқы созылмалы аурулары болып жатады. Мұндай жағдайда әйел адам коронавирусты ауыр өткізуі мүмкін. Дәрігер ондай әйел адамдарға жүктілікті алдын ала жоспарлау маңызды екенін айтты.