РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 сентября 2019 | 18:02

Дәрігердің қатесі үшін қандай жаза бар? Шетелмен салыстырамыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ата Заңымыз бойынша, адам өмірі - ең құнды қазыналардың бірі. Соған сәйкес адам өмірі мен денсаулығын сақтау - ең басты міндет. Дегенмен соңғы кездері медицина қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы мәселесі жиі көтерілетін болған. Дәрігердің қатесі үшін елімізде және шетелде қандай жаза қарастырылған? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 


Ата Заңымыз бойынша, адам өмірі - ең құнды қазыналардың бірі. Соған сәйкес адам өмірі мен денсаулығын сақтау - ең басты міндет. Дегенмен соңғы кездері медицина қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы мәселесі жиі көтерілетін болған. Дәрігердің қатесі үшін елімізде және шетелде қандай жаза қарастырылған? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Денсаулық сақтау саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен байланысты әрекеттерін үш топқа бөліп қарастырады: жазатайым оқиға, дәрігердің қатесі және кәсіби қызметімен байланысты қылмыс.

Заңда "дәрігердің қатесі" түсінігі болмаған


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, нормативтік құжатта "медициналық қате" мен "жайсыз жайттар" деген түсінік жоқ. Жалпы әлемдік тәжірибеде медицина қызметкерлеріне алдын ала кінә тақпау үшін дәрігердің қатесін "инцидент" немесе "жазатайым оқиға" деп атайды екен. Ал бізде "кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" деп аталып, Қылмыстық кодексте де солай белгіленген.

Адвокат Тлеужан Кішкенебаевтың айтуынша, "Дәрігер қателігі" Қылмыстық кодекстің 317-бабымен қарастырылады екен. Бап "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" деп аталады.

"Яғни медицина қызметкерлерінің өз жұмыстарына ұқыпсыз немесе адал қарамауы салдарынан абайсызда адам денсаулығына зиян тиген оқиғаларды айтамыз. Жарақаттың дәрежесіне қарай жаза тағайындалады. Жарақаттың жеңіл, орта және ауыр дәрежелі түрлері болады", - дейді адвокат.


© РИА Новости

Тлеужан Кішкенебаевтың айтуынша, дәрігерлер адам денсаулығына орташа зиян келтірген жағдайда 200 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде айыппұл салуға, 80 сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмысқа тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

"Ал адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жағдайда белгілі бір лауазымды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 1 жылға дейін мерзімге айыра отырып, оған 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға және де үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады", - деп түсіндірді маман.

Дәрігердің кінәсі қалай анықталады?

Адвокаттың айтуынша, дәрігердің кінәсі бары не жоғын сот-медициналық сараптама арқылы тексеруге болады.

"Егер адам ауруханада көз жұмса міндетті түрде сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Сарапшы мамандар істің анық-қанығын анықтайды. Көбіне науқасқа дәрі дұрыс егілмеуі салдарынан не дәріге аллергиясы болуы мүмкін. Сарапшылар көз жұмған адамның денесін толығымен тексеріп шығады. Сондықтан дәрігердің кінәсін анықтау қиынға соқпайды", - дейді Тлеужан Кішкенебаев. 

Шет елдерде "дәрігердің қатесі" үшін қалай жазаланады?

Ресейде "дәрігердің қатесі" үшін Қылмыстық кодексте арнайы жауапкершілікке тартылмайды. Яғни заңда дәрігер қателігі жайлы нақты анықтама жоқ. Алайда көршілес елде дәрігер қатесі үшін 3 түрлі жаза тағайындалған. 

- Тәртіптік - сөгіс жариялау, жұмыстан босату, жұмыс беруші тарапынан берілетін қосымша табыстан айыру;

- Азаматтық-құқықтық - өтемақы және жәрдемақы төлеу;

- Қылмыстық - қылмыстық жауапкершілікке тарту. 


© pixabay.com

Қытай елінде де "дәрігер қатесі" қызметіне немқұрайды қарау деп бағаланады. Қытайдың Қылмыстық кодексіне байланысты медицина қызметкері ісіне шала қараудың салдарынан болған адам өлімі тіркелген жағдайда дәрігерді 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырады. Алайда елде "жеткілікті түрде медициналық көмек көрсетілмеген" деген арнайы бап жоқ. Бұл бап Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда да жоқ. 

Сонымен қатар, АҚШ-тағы өлім санының басым көпшілігі медицина қызметкерінің қызметін дұрыс орындамауы салдарынан болатын көрінеді. Елде жылына 250 мыңнан аса өлім "дәрігердің қатесі" салдарынан болады. 

Тағы бір мәселе - әлем бойынша көптеген мемлекетте "дәрігердің қатесі" салдарынан болған өлім саны арнайы есептеліп, статистика жүргізіліп отырмайды. Арнайы статистика жүргізіліп отырған жағдайда "дәрігердің қатесі" салдарынан болған өлім саны азаюы мүмкін екен. 

Жапонияда да қызмет барысында "дәрігердің қатесі" болса, кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алайда күншығыс елінде қате жіберген дәрігерді абақтыға қамамайтын көрінеді. Мұндай жағдайда БАҚ өкілдерінің назарын аударып, қате жіберген дәрігерді барынша масқара етуге тырысады екен. Сөйтіп дәрігердің кәсіптік қызметіне нүкте қойылады. Жапон халқының менталитетінде бұл әрекет өте ұят саналады екен. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети