РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 октября 2019 | 09:14

Дәрігер етті шикідей жеудің қандай аурулардың алдын алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгінде ет өнімдерін немесе көкөністерді қайнатпай, пісірмей шикідей жейтіндер аз емес. Осылайша олар құрамындағы дәрумендер жойылмайды деп түсінеді екен. Алайда дәрігерлер тағамды шикідей жеудің қаупі көбірек екенін ескертеді. Мамандардың сөзіне сенсек, шикі азық-түлік өнімдеріндегі бактериялар түрлі инфекцияларды тудырады. Нутрициолог, диетолог Сәуле Кабиева Tengrinews.kz тілшісіне азық-түлік өнімдерін шикідей жеудің пайдасы мен зиянына тоқтала отырып, кеңесін берді.

Дәрігер көкөністер мен ет өнімдерін шикідей жеу бірінші кезекте асқазан-ішек жолдарының қызметін бұзатынын айтады.

"Шикі тағамдар асқазан-ішек жолдарына кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, несеп жолдары аурулары және бүйрек безі сияқты аурулардың пайда болу қаупін жоғарылатуы мүмкін. Бұл аурулардың басты белгілері - жүрек айну, лоқсу, іш қату және тәбеттің болмауы. Осы белгілерден соң бұлшықет ауырып, адам салмағын тастай бастайды. Мұнда ең басты қауіп - бактериялар мен инфекциялар", - дейді нутрициолог.

Бірақ, дәрігердің айтуынша, шикі етті халық емі ретінде пайдалануға болады.

"Шикі етті халық емі ретінде пайдаланатындар аз емес. Тіпті созылмалы аурулардан емдейтіні рас. Ол қатерлі ісік және жүрек ауруларын алдын алуы мүмкін. Сонымен қатар, қайнатылмаған, пісірілмеген ет сүйелден құтылудың бірден-бір жолы екенін айта кету керек. Папиллома вирусы тасымалдаушымен тікелей байланыста болған кезде жұғады, бірақ ол ауруды жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасағаннан кейін жабысып, инфекция пайда болады. Соңғы кездері сүйелден, яғни ол инфекциядан криотерапия мен препараттармен емес, үй жағдайында шикі ет пен шикі картоп жеу арқылы емделетін жағдайлар көбейіп жатыр", - дейді Сәуле Кабиева.

Дегенмен дәрігер дұрыс тамақтануға арналған бағдарламаларды қолданудың алдында және тағам өнімдерін шикідей жеудің алдында дәрігерге қаралу керектігін айтады. Маманның айтуынша, құрамында ақуыз бен көмірсулары және дәрумендері бар тағам өнімдерін жеу жеткілікті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтардың үш пайызы ғана дұрыс тамақтанады - Диетолог

"Салмақ қосу үшін көп тамақтану қате". Диетолог толғысы келетіндерге кеңес берді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети