Қазір коронавирусқа қарсы вакцина туралы тың ақпарат көп шығып жатыр. Мысалы, таяуда вакцина сынағына қатысқан бразилиялықтың қайтыс болғаны хабарланды. Оның алдында тағы бір вакцина сынағы еріктілердің бірінен белгісіз ауру табылғаннан кейін уақытша тоқтатылған. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19-ға қарсы вакциналар туралы соңғы ақпараттарды жинады.
Қазір коронавирусқа қарсы вакцина туралы тың ақпарат көп шығып жатыр. Мысалы, таяуда вакцина сынағына қатысқан бразилиялықтың қайтыс болғаны хабарланды. Оның алдында тағы бір вакцина сынағы еріктілердің бірінен белгісіз ауру табылғаннан кейін уақытша тоқтатылған. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19-ға қарсы вакциналар туралы соңғы ақпараттарды жинады.
Вакцина қабылдаған ерікті қайтыс болды
Бразилияның денсаулық сақтау саласындағы Anvisa ұлттық қадағалау агенттігі коронавирусқа қарсы ұлыбританиялық AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті өндірген вакцина сынақтарына қатысқан азаматтың қайтыс болғанын хабарлады.
Қадағалаушы органның мәлімдемесін G1 порталы жариялады.
Құжатта ер адамның өлімінің себебін "этикаға байланысты" жария етілмеді, сондай-ақ ерікті плацебо немесе белсенді препарат қабылдағаны туралы ақпарат айтылмаған.
Фото:elements.envato.com
AstraZeneca компаниясы G1 порталына вакцина қабылдаушының өліміне қатысты ресми ұстанымы жоқ екенін және бұл ақпаратқа түсініктеме бермейтінін айтты. Ал Оксфорд университеті вакцинаның қауіпсіз екенін айтып өтті.
Қазір вакциналарды сынаудың халықаралық қауіпсіздігін бағалау комитеті оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Бразилиялық БАҚ "халықаралық зерттеуге байланысы бар дереккөздерге" сілтеме жасап, COVID-19 асқынуынан қайтыс болған ерікті плацебо қабылдағанын хабарлады.
Ресейде қарашада жаппай вакцинация болуы мүмкін
Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қарашаның соңында басталуы мүмкін.
"Сапаны бақылауды ескеріп, вакциналарды көптеп жеткізуді жоспарлап отырғанымызды айтқым келеді. Бұл қарашаның немесе желтоқсанның соңғы күндері болады, өйткені мұнда өндірістік цикл мен сапаны бақылау толық қамтамасыз етілуі керек", - деді Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер одағының съезінде.
"Россия 1" телеарнасына берген сұхбатында ол вакцинация ерікті түрде жасалатынын түсіндірді.
"Біз халықтың қызығушылығы өте жоғары екенін көріп отырмыз. (...) Біріншіден, медицина қызметкерлері мен тұрғындармен көп кездесетін адамдарға беріледі", - деді Ресей денсаулық сақтау министрі.
Ол, сонымен қатар, коронавирусқа қарсы үшінші ресейлік вакцинаны зерттеу нәтижелері желтоқсан ортасына дейін күтіліп отырғанын айтты.
YouTube вакцина туралы жалған ақпаратты өшіреді
YouTube видеоплатформасының әкімшілігі коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған контентті өшіру жоспары туралы айтты.
YouTube электронды хатында вакцина бедеулікті тудырады және адамдарды өлтіреді деген секілді жалған ақпараттарды таратуға тыйым салынатыны жазылған. Сондай-ақ, адамдарға вакцина атын жамылып, микрочиптер салынады деген хабарларға да цензура жасалады.
Фото: pixabay.com
YouTube қызметкерлері вакциналар туралы жалған ақпарат жергілікті билік пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келісіміне қайшы келетінін еске салды. Осылайша, сервис пандемия туралы жалған теорияларымен күресті күшейтуді қалайды.
Бірақ вакцина туралы жалпы сұхбаттар мен видеодағы пікірлер платформадан өшірілмейді.
Вакцина кімге көмектеспеуі мүмкін?
Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург өзінің зерттеуінде коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін вирусқа антиденелерді нашар шығаратын төрт топты анықтады: қарт адамдар, алкогольге тәуелді адамдар, стресстегі адамдар және қабынуға қарсы дәрі қабылдаған адамдар.
©РИА Новости
Бірақ Вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейннің айтуынша, вакцина тек иммундық жетіспеушілігі бар адамдарға көмектеспеуі мүмкін.
Оның пікірінше, басқа жағдайларда адамдарды антидене өндірісі бойынша бөлу қиын. Альтштейн антиденелер өндірісі "денсаулық жағдайына байланысты емес, ағзаның ешкім білмейтін ерекшеліктеріне байланысты" деген тұжырымдамаға келген.
Белгісіз ауруға байланысты вакцина сынағы уақытша тоқтатылды
Johnson & Johnson компаниясы 23 қыркүйекте коронавирусқа қарсы вакцина сынағының үшінші кезеңін бастаған. Бұл кезеңге Аргентина, Бразилия, Колумбия, Мексика, Перу, АҚШ, Чили және Оңтүстік Африка Республикасынан 60 мыңға жуық ерікті қатысады деп хабарланған. Компания вакцинаның алғашқы партиясы келесі жылдың басында болады деп күткен.
Фото:elements.envato.com
Бірақ таяуда вакцина сынағы уақытша тоқтатылғаны хабарланды. Себебі еріктілердің бірінде белгісіз ауру пайда болған.
"Біз COVID-19-ға қарсы үміткер-вакцинаның барлық клиникалық сынағын, соның ішінде ғаламдық сынақтың үшінші кезеңін уақытша тоқтаттық. Себебі сынаққа қатысушының түсініксіз ауруы пайда болды", - делінген компания сайтында.
Қазір дәрігерлер науқастың жағдайын тексеріп жатыр. Еріктінің денсаулығы туралы қосымша ақпарат барлық қажетті деректі жинағаннан кейін жарияланады.