Сүндеттеу салтымыз ғана емес, қазіргі таңда медициналық жағынан пайдасы бар екені айтылып келеді. Бірі дәстүрлі әдіс - молдаларға сүндетке отырғызып жатса, ендігі бірі хирургтердің көмегіне жүгініп жатады. Қостанай облысында 10 бала сүндетке отырғызу ережелері дұрыс сақталмағандықтан ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда сүндеттеуге молдалардың көмегіне жүгінген қаншалықты дұрыс? Баланы қанша жасында сүндеттеген дұрыс? Осы және өзге де сұрақтарға Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасының жауапты хирургі Темірхан Қожахметов Tengrinews.kz тілшісіне жауап берді.
Сүндеттеу салтымыз ғана емес, қазіргі таңда медициналық жағынан пайдасы бар екені айтылып келеді. Бірі дәстүрлі әдіс - молдаларға сүндетке отырғызып жатса, ендігі бірі хирургтердің көмегіне жүгініп жатады. Қостанай облысында 10 бала сүндетке отырғызу ережелері дұрыс сақталмағандықтан ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда сүндеттеуге молдалардың көмегіне жүгінген қаншалықты дұрыс? Баланы қанша жасында сүндеттеген дұрыс? Осы және өзге де сұрақтарға Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасының жауапты хирургі Темірхан Қожахметов Tengrinews.kz тілшісіне жауап берді.
Хирургтің сөзінше, соңғы кездері батыс елдері де балаларын жас кезінде сүндетке отырғызады екен.
"Себебі, сүндеттелмеген балалардың сыртқы жыныс мүшесінің қатерлі ісігінің пайда болу қаупі жоғары екені ғылыми түрде дәлелденген", - дейді маман.
Темірхан Қожахметовтің сөзінше, XXI ғасыр медицина ғылымының дамыған заманы болғандықтан баланы сүндеттеуге молдалардан гөрі дәрігер мамандарға жүгіну қажет екен.
"Қазіргі кезде көбіне медициналық дәрежесі және арнайы сертификаты бар дәрігерге медициналық тұрғыда жасатқан дұрыс", - дейді дәрігер.
Медициналық сүндеттеу © Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Дәрігер медициналық сүндеттеудің де бағасын айтып берді.
"Бағасына келетін болсақ, шамамен 10 мың мен 30 мың теңгенің аралығында болады. Ол әр медициналық мекемеге байланысты", - дейді Темірхан Қожахметов.
Хирургтің айтуынша, мұсылман қауымы, оның ішінде қазақ халқы тақ сандарды киелі деп есептегендіктен көбіне бала 3, 5, 7 жасқа келгенде сүндетке отырғызған.
"Бірақ араб елдерінде бала туғаннан кейін, қырқына шықпай жатып сүндеттеп жатады", - дейді маман.
Дәрігердің сөзінше, баланы медициналық тұрғыда сүндетке отырғызу операция болып есептеледі. Сондықтан сүндеттеу барысында асептикалық және септикалық ережелерді сақтамаса, инфекциялар мен вирус жұқтырып алу қаупі жоқ емес.
Маманның айтуынша, халық арасында лазер деп аталғанымен ғылыми тілде электрокагулятор деп аталады. Лазермен сүндеттеу кезінде жыныс мүшесін күйдіріп кеседі екен.
"Сондай-ақ сыртқы жыныс мүшесінің артық тінін күйдіреміз. Лазермен сүндеттеудің пайдалы тұстары көп. Мысалы, күйдіріп кесу арқылы қан тез тоқтайды. Сонымен қатар, жараны көп тігудің қажеті жоқ және сүндеттегеннен кейін сыртқы жыныс мүшесін гемостатикалық мақсатта дәкемен ораудың қажеті жоқ", - дейді хирург.
Сүндетке отырғызу. Бағасы, емі және пайдасы
Маманның айтуынша, бұрынғы кездері қазақ халқы баланы сүндеттегеннен кейін, қанды тоқтату мақсатында ыстық киіз басқан. Ал қазір лазермен сүндеттеу 21 ғасырдағы медицина саласындағы үлкен жаңалық болып есептеледі екен. Ал медицинада сүндеттеу тәсілін ата-ана өзі таңдайды екен.
"Таңдауға байланысты. Лазермен болса - лазермен, болмаса - қайшы не скальпельмен кеседі", - дейді хирург.
Сонымен қатар, хирург баланы уақытылы сүндеттеу керек екенін атап өтті.
"Біріншіден, бұл мұсылмандықтың белгісі. Екіншіден, әртүрлі қабыну аурулары, сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы, әртүрлі ісіктердің пайда болуының алдын алатын тазалықтың белгісі. Баланы сүндетке отырғызу - әрбір ата-ананың парызы болып есептеледі", - дейді Темірхан Қожахметов.
Сондай-ақ, маман баланы кез келген уақытта сүндеттеуге болатынын айтып өтті. Бірақ қанның ұю функциясы бұзылған балаларды сүндеттеуге болмайды екен. Ондай жағдайда гемофилиямен ауыратын балаларды сүндеттеу гемотологтың нұсқаулығынан кейін ғана рұқсат етіледі.