РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 мая 2020 | 17:00

Аяқталмаған пандемия. АИТВ туралы не білу керек?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Дүние жүзінде осы күнге дейін 32 миллионнан аса адам АИТВ (СПИД) - адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырып, 20 миллионнан аса адам көз жұмған. Ал Қазақстанда 24 мыңға жуық адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде әлем жұрты АИТВ-дан қайтыс болған туған-туысын, жақынын, досын еске алады. Індеттен толық құтылған ел жоқ. Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖИТС орталығының директоры Сәбит Әбдірайымовтан елордадағы ахуалды сұрап көрді.


Дүние жүзінде осы күнге дейін 32 миллионнан аса адам АИТВ (СПИД) - адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырып, 20 миллионнан аса адам көз жұмған. Ал Қазақстанда 24 мыңға жуық адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде әлем жұрты АИТВ-дан қайтыс болған туған-туысын, жақынын, досын еске алады. Індеттен толық құтылған ел жоқ. Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖИТС орталығының директоры Сәбит Әбдірайымовтан елордадағы ахуалды сұрап көрді.

Алдымен мына дерекке көз жүгіртсек, дүние жүзінде әр апта сайын 15-24 жастағы 6 мыңға жуық әйел АИТВ жұқтырады. Тропикалық Африкада АИТВ жұқтырған 15-19 жастағы жасөспірімдердің арасында әрбір бес баланың төртеуі - қыздар. 15-24 жастағы ер адамдарға қарағанда, қыздардан АИТВ анықтау ықтималдығы екі есе жоғары. Бұл фактілер UNAIDS БҰҰ-ның АИТВ бойынша біріккен бағдарламасының ресми сайтынан алынды. ЖИТС - дүние жүзінде аяқталмаған пандемия. 

Нұр-Сұлтанда АИТВ жұқтырғандардың 70 пайызы - 20-39 жаста

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша соңғы 24 жыл ішінде АИТВ жұқпасымен 1824 науқас ресми тізімге алынған, оның 58-і қайтыс болған және 7 пайызы 117 жағдай ЖИТС сатысына ауысқан. Осы жылдың төрт айында қаладағы сенім телефонына 432 адам қоңырау шалған. Сұрақтардың басым бөлігі АИТВ-ға тестілеуге қатысты болған.

"Қаладағы АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың 70 пайызын 20-39 жас аралығындағы жастар құрайды. Көбіне жыныстық қатынас арқылы және парентералды, инъекциялар есірткі арқылы жұғады. Дегенмен қазір парентералдық жол арқылы жұқтыруға қарағанда (инъекция т.б.) жыныстық жолмен жұқтыру үш есе артты", - деді Сәбит Әбдірайымов.

Орталық директорының айтуынша, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнін қоғам назарын АИТВ-инфекциясының таралуына аудару үшін маңызды деп санайды. 

"Халықаралық еске алу күні - бұл АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуына қарсы тұру дайындығы мен ниетін көрсетудің тағы бір мүмкіндігі. Нақты тәуекелді көрсету және оны қалай болдырмау керегін түсіндіру. Басты мақсаты - ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске түсіру ғана емес, халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығын жеткізу, жұртшылықтың назарын АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және кемсітушілікпен күрес мәселелеріне аудару", - дейді директор. 

Дүниеге келген 188 баланың алтауына АИТВ диагнозы қойылған

Нұр-Сұлтанда өсу үрдісімен АИТВ диагнозы бар 181 әйел босанып, 188 баланы (5 бала- егіздер) дүниеге әкелген. Туылған 188 баланың ішінде: 134 -і дені сау болып, есептен шығарылған. Ал алтауына "АИТВ" диагнозы қойылып, 19-ы басқа өңірлерге кеткен. Қалған 29-ы 1,5 жасқа дейін бақылауда болады.

Маманның айтуынша, АИТВ-мен өмір сүретін әйел жүктілік пен босану кезінде антиретровирусқа қарсы препараттарды қабылдаған және баланы емшек сүтімен емізбеген кезде ғана АИТВ-ның берілу қаупі 2 пайызға дейін төмендейді.

"Қазір антиретровирусқа қарсы емдеу мен тұрақты медициналық бақылаудың арқасында АИТВ-инфекциясы ЖИТС сатысына ауыспауы мүмкін. Біздің тәжірибеміздің негізінде АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін төмендету және дені сау балалардың туылуы үшін антиретровирустық терапияның жоғары тиімділігі туралы сенімді түрде айта аламыз, - дейді ол.

Орталық мамандары халық арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарының еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынас қажеттілігі туралы айтып, түсіндіріп береді.

"Стигма мен кемсітушілікті жоюға барынша көңіл бөле отырып, біз АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мүмкіндігін арттырамыз. Олардың ем ала отырып, өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартуға септігімізді тигіземіз. Мемлекет өз тарапынан АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік және құқықтық қорғауға, сондай-ақ медициналық көмек көрсетіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, кемсітушілікке жол бермеуге, балалардың мектепке баруына кепілдік береді", - дейді орталық директоры. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети