Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның бастамасымен қоғам мүшелері, сарапшылар, денсаулық сақтау саласының мамандары еліміздегі "Денсаулық туралы" кодекске өзгеріс енгізу, атап айтқанда міндетті вакцина мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның бастамасымен қоғам мүшелері, сарапшылар, денсаулық сақтау саласының мамандары еліміздегі "Денсаулық туралы" кодекске өзгеріс енгізу, атап айтқанда міндетті вакцина мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Максим Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театрдың актрисасы Светлана Фортуна балаға екпе егуге қатысты ойын айтып, қарсылық білдірді.
"Мен дәрігер емес, вирусолог, инфекционист емеспін. Бірақ мен вакцинация туралы ондаған ғылыми зерттеуді оқып шықтым. Сондай-ақ мен өз балаларымның денсаулығын қадағалап жүрген тәжірибем бар. Үлкен қызыма екпе егілді. Бірақ содан кейін жағдайы нашарлады, асқыну болды. Бірақ әлі күнге дейін оны дәлелдей алмай келемін. Кенже балама екпе салынбады, денсаулығы өте жақсы", - деген ол ұсынысын айтты.
"Бірінші, вакцина бойынша асқынған жағдайлар, қарсы көрсеткіштері, тиімділігі туралы зерттеулердің аннотациялары жарияланатын үкіметтік сайт болу керек. Шетелдік институттарды да қосу керек. Бұл вакцинаға қатысты ақпарат беріп, ерікті түрде, біздің демократиялық мемлекетіміздің құқықтық нормасына сай одан бас тартуға мүмкіндік береді. Сондықтан мен ана ретінде не ойлаймын. Вакцина - ауру туғызып, баланың ағзасына түседі де ауруды жеңіл түрде қоздыру керек. Өзімнен "Баламды неге 18 айда 11 инфекциядан, 21 ауруды басынан өткізуім керек?" деп сұраймын. Бұл ҚР екпе күнтізбесіне сәйкес. Тіпті кейде 1 инъекция - флакондағы 3-4 инфекция. Әлде біз табиғатқа ерік беріп, бала ауыра ма, жоқ па деп табиғи формаға қалдырсақ ше...", - деді ол.
Сондай-ақ, ол ДСМ-ға вакцинадан кейін асқынуды зерттейтін хаттама әзірлеуді ұсынды.
Халық емшісі Виктория Ли бір баласында екпеден кейін асқыну болғанын жеткізді. Сол кезде ол дәрігерге дәлелдей алмаған және жай келісіп, интернеттен материал қарағанын айтты.
"Мен де үш баланың анасымын. Өз ойым бар. 1997 жылы мен Қарағандыда №1 химия-биология бағытындағы мектепті бітіріп, Қарағанды медициналық академиясының екінші курсына ешқандай емтихансыз түстім... Менің бірінші балам барлық екпені алды. Осы күнге дейін бір де бір балам антибиотиксіз өсті. Кейін бірінші баламда дермотит, іш қатуы сияқты проблемалар екпеден болады деп ойламадым. Мен екпеден бас тартқанда мұның бірі де болмайтынын да ойламаппын. Бұл туралы мен екі балам өскен соң түсіндім. Оларға екпе салғызбадым. Қарсымын деп жазып бердім. Қашан жаздым? Мен балам бір жасқа келгенде қызылша, қызамыққа қарсы вакцина алдық. Бірақ ол бір жастан кейін қызылша жұқтырды, асқынды. Дәрігер вакцинадан кейін асқыну дегенмен келіспеді. Сосын мен сөзге келмей, кетіп қалдым. Интернетке кірдім", - дейді ол.
Сонымен қатар, ол дәріханаға не үшін бармайтынын айтты.
"Содан кейін өзімнің салғырттығымды түсіндім. Себебі мен медицинаға сеніп, әр екпеге келістім... Бұрын біздің денсаулығымыз мықты болу үшін бәрі жасалатын. Ол кезде біз фабрика, заводтағы жұмысқа керек болдық. Бірақ медицина коммерцияға көшкенде халықты емдеу - қызметті тұтынушыға айналдық. Ал денсаулық сақтау қызметінің тұтынушысы болу үшін әлсіз болуымыз керек. Себебі дәріханаға баруымыз керек. Мен өзім дәріханаға бармаймын деп айта аламын. Мемлекеттік деңгейде екпе алмайтын балалар мен екпе алатын балаларды салыстырып көрейік. Баланың мектептегі үлгерімі, сабақтан қаншалық аз қалады дегендей", - деді Виктория Ли.
"Бірақ мұндай зерттеуді жасау үшін 1-1,5 онжылдықта жасалу керек. Себебі бала туғаннан өскенге дейін қарастырылуы керек", - деп қосты модератор.
Біртанов: вакцинация туралы шындықты естулеріңізді сұраймын
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев оппоненттердің сөзіне маман ретінде пікір білдірді. Оның айтуынша, жоғарды спикерлер айтқан вакцина құрамындағы заттарды өзі басқарып отырған ведомство егжей-тегжей тексереді. Мұны әлемдік стандартқа сай зерттейді.
"Мен вакцинаның қалай жасалатыны, құрамы туралы жақсы білетін маман ретінде пікірімді қосқым келеді. Біз дюванттар, антибиотиктер, қант, формальдегид, сынап... не үшін қолданылатынын бірнеше жылдан бері түсіндіріп келеміз. Тағы қысқа айтып берейін. Вакцинаны жасау үшін өте күрделі биологиялық реакция керек. Мысалға, формальдегид. Ол вирустарды инактивациялау үшін пайдаланылады... Ең бастысы, вакцинадағы формальдегидтің мөлшері соншалық аз, сіз оны судан немесе басқа тамақтан көп аласыз. Яғни, мұндай зерттеулер өте көп жүргізеді. Арнайы pubmed базасы қазір пандемия кезінде тегін тұр. Ол жерде он мыңдаған зерттеу бар. Вакцина жасаған кезде осы зарттардың қаншалықты қауіпсіз екенін дәлелдейді", - дейді маман.
Оның айтуынша, Қазақстандағы лабораториялар еуропалық сапа стандарттарына сай келеді.
"Біз Еуропадағы вакцина талаптары қалай тексерілсе, тура солай тексереміз. Вакцина құрамын толық зерттейміз, лабораториядан талдау жасаймыз. Және оның мөлшері өте аз екенін растаймыз. Қалай вакцина зиян деп айтамыз? Біз зардап шеккендерді үнемі тәуелсіз зерттеу жасауға шақырамыз, ашықпыз, дайынбыз, зерттейік. Біз дайынбыз. Бірақ ешқашан олай болмайды, тек айыптайды... Вакцинадан кейін асқынуларды зерттейтін база бар. Біз барлық ақпаратты Швециядағы әлемдік фармқадағалау ортылығына жіберіп отырамыз. Оның бір бөлігіміз", - деді Арнұр Нұртаев.
Еске салайық, министр Елжан Біртанов Денсаулық сақтау туралы жобаның қабылданғанын айтып, балаларды вакцинациялау жайлы нормаға қатысты пікір білдірген болатын.
Министрдің айтуынша, елде вакцинация мәжбүрлі болмайды.
"Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды! Бүкіл әлемдегідей бізде де ерікті түрде жасатуға болатын және міндетті вакцинациялар болады. Бірақ әр жағдайда ата-ана өзі шешеді, одан келісім алынады не болмаса бас тартатынын айтады! Вакцинация жасалмаған балалардың құқығына шектеу қоятын ешқандай норма жоқ! Тек бір норма бар, ол ұжымдық иммунитет, яғни балабақшаға баратын барлық баланың денсаулығын қорғайтын иммунитет", - деді министр.