Соңғы бірнеше ай бойы дүние жүзі ғалымдары түрлі вакцинаны жануарларға сынап, тест нәтижесін тексеріп жатыр. Бүгінде кей елде адамдар да COVID-19-дың алғашқы емдерін сынап көрген. Сынақтардың нәтижесі де жаман емес. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қарсы адамдар сынақтан өткен вакциналардың нәтижесі туралы баяндайды.
Соңғы бірнеше ай бойы дүние жүзі ғалымдары түрлі вакцинаны жануарларға сынап, тест нәтижесін тексеріп жатыр. Бүгінде кей елде адамдар да COVID-19-дың алғашқы емдерін сынап көрген. Сынақтардың нәтижесі де жаман емес. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қарсы адамдар сынақтан өткен вакциналардың нәтижесі туралы баяндайды.
Қытай
Қытайлық China National Biotec Group (CNBG) - коронавирусқа қарсы бірнеше вакцина жасап жатқан мемлекеттік компания. Таяуда компания вакцинаны адамдарға сынап көргенін хабарлады.
Global Times мәліметінше, компания коронавирус жұқтырмаған 1120 адамға өздері дайындап жатқан төрт вакцинаны сынап көрген. Клиникалық сынақ 27 сәуірде Қытайдың Хэнань провинциясында басталған.
© iz.ru
Нәтижесінде оның үшеуі жақсы нәтиже көрсеткен - сынақтан өткендерде коронавирусқа қарсы антидене пайда болған.
Бір ай бұрын CNBG сынақтың екінші кезеңін Біріккен Араб Әмірлігінде бастады.
Сарапшылардың айтуынша, егер шетелде еріктілерге жасалған сынақтар сәтті өтсе, сынақтың үшінші кезеңі тамызда аяқталады. Артынша қыркүйекте ауруханаларда сынақ басталады. Вакцина қазанның соңында оң нәтижелерден кейін сатылымға жіберілуі мүмкін.
АҚШ
Америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы екі бірдей клиникалық тәжірибеден сәтті өткен.
Препаратты сынақтан өткізуге адамдар ерікті түрде сәуірден бастап қатыса бастаған. Мамырда сынақтың алғашқы фазасы аяқталды. Компания мәліметі бойынша, mRNA-1273 вакцинасын қабылдаған адамдарда антидене саны дәрі мөлшеріне байланысты өсе бастаған. Алғашқы кезеңдерде препарат қауіпсіз болып, асқынусыз өткен.
Ал шілденің ортасында Moderna компаниясы сынақтың екінші кезеңін аяқтады. Мұнда алғашқы 45 еріктіде коронавирусқа антиденелер қалыптасқан. Зерттеушілер вакцинаның қауіпсіздігіне байланысты ешқандай шектеулер жоқ екенін және тестілеудің келесі кезеңі басталуы мүмкін екенін анықтады.
Фото: elements.envato.com
Енді 27 шілдеде компания сынақтың соңғы кезеңін бастайды. Бұл жолы вакцина 30 мың адамға сыналады. Бұл кезеңде вакцинаның қауіпсіздігі және SARS-CoV-2 инфекциясын алдын алу мүмкіндігі тексеріледі. Шешуші кезең 27 қазанға дейін жалғасады, содан кейін деректер вакцинаны мақұлдау үшін АҚШ Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.
"Вирустың емі емес". Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина туралы не ойлайды?
Ұлыбритания
Кеше Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясының ғалымдары еріктілерге жасалған коронавирустан қорғайтын вакцинаның алғашқы кезеңі сәтті аяқталғанын мәлімдеді.
Талдаулардың нәтижесі The Lancet медицина журналында жарияланды. Онда вакцина ешқандай қосымша ауру туғызбағаны аталған. Зерттеуге қатысқандардың 96 пайыздан астамының ағзасында антиденелер пайда болған және 85 пайызында бейтараптандыратын антиденелер қалыптасқан.
© pixabay.com
1077 адам қатысқан сынақтың қорытындысы инъекцияның арқасында коронавируспен күресуге жарамды антиденелер мен лейкоциттердің пайда болғанын көрсетті.
Ғалымдар сынақ нәтижесін жақсы деп бағалаған, бірақ толық қорғай алады деп айтуға ерте және қазір бұдан да үлкен зерттеулер жасалып жатыр, дейді олар.
Ресей
Ресей ғалымдары да қазір коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап жатыр. 18 маусымда Сеченов университетінде Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы жасаған вакцинаның клиникалық сынақтары басталған болатын.
Сеченов университеті дәрілерді клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук сынаманың нәтижесі туралы айтты.
© РИА Новости
20 шілдеде Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізген еріктілердің екінші тобы үйіне жіберілген.
"Барлық еріктінің иммунитеті болды... Бұл вакцинаны қабылдағаннан кейінгі жеке реакция, бірақ әдетте ол бірнеше күнді алатын. Бірінші қорғаныс бірнеше күнде болады", - деді Смолярчук вакцинациядан кейін иммунитеттің қаншалықты тез дамитыны туралы сұраққа жауап берген кезде.
Оның айтуынша, үш аптадан кейін иммундық жүйенің реакциясы басталған кезде, қорғаныстың шегі болады. Смолярчуктің сөзінше, вакцинациядан болатын иммунитеттің қанша уақытқа созылатынын айту қиын, себебі ғалымдар бұл сұраққа клиникалық сынақтардың келесі кезеңінен кейін жауап беруі керек.
"Егер вакцина өзінің тиімділігін дәлелдесе, оны тіркейміз. Тіркеуден кейін кең ауқымды зерттеулер басталады. Оған көптеген адам қатысып, вакцинациядан өтеді және бақылауда болады. Содан соң ғана иммунитеттің қанша уақытқа созылатынына жауап бере аламыз", - деді Смолярчук.
Айта кетейік, дүние жүзінде 14,6 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған. Оның 8,2 миллионы аурудан жазылса, 608 мыңы қайтыс болған.
COVID-19 жұқтырғандарды қан плазмасын салып емдеу туралы не білеміз?