РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 декабря 2020 | 14:53

6 ерікті вакцинадан қайтыс болғаны рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Таяуда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған екі ерікті қайтыс болғаны хабарланды. Бірақ мамандар науқастардың вакцинадан емес, қосалқы аурулары салдарынан көз жұмғанын айтады. Себебі түрлі вакцина бүгінге дейін жүз мыңдаған адамға салынып, сәтті нәтиже көрсеткен. Tengrinews.kz тілшісі вакцина салдырған соң көз жұмған адамдардың қандай ауруы болғанын баяндайды.


Таяуда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған екі ерікті қайтыс болғаны хабарланды. Бірақ мамандар науқастардың вакцинадан емес, қосалқы аурулары салдарынан көз жұмғанын айтады. Себебі түрлі вакцина бүгінге дейін жүз мыңдаған адамға салынып, сәтті нәтиже көрсеткен. Tengrinews.kz тілшісі вакцина салдырған соң көз жұмған адамдардың қандай ауруы болғанын баяндайды.

Pfizer вакцинасы туралы не белгілі?

Америкалық фармацевтика алыбы Pfizer және германиялық BioNTech компаниясы коронавирусқа қарсы жасаған екі компонентті вакцинаны сынау кезінде алты адам қайтыс болды. Бұл туралы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігінің (FDA) есебінде айтылған.

Қайтыс болған еріктілердің төртеуі плацебо, ал екеуі вакцинаның өзін салдырған. Бірақ көз жұмған адамдардың бәрі вакцинаның тікелей әсерінен емес, қосалқы аурулары салдарынан қайтыс болғаны айтылады.

Мысалы, вакцинацияланған топтағы науқастардың біріне семіздік пен атеросклероз деген диагноз қойылған, ол препараттың алғашқы дозасын салдырғаннан кейін үш күн өткен соң қайтыс болды. Ал екінші ерікті екінші дозадан кейін 60 күннен соң жүрегі тоқтап қалған.


© Reuters

Плацебо қабылдағандардың ішінде екі адам инфаркт пен инсульттан қайтыс болған, тағы екеуінің өлім себебі қазір анықталып жатыр.

Қайтыс болған алты адамның үшеуі 55 жастан асқан. Негізі бұл сынаққа 16 жастан асқан 38 мыңға жуық адам қатысқан болатын.

Сонымен бірге FDA Pfizer мен BioNTech вакцинасының тиімділігі 95 пайыз деңгейінде екенін растады. Тиімділіктің бұл деңгейіне вакцинаның екінші дозасын қабылдағаннан кейін жеті күн өткен соң жетуге болады.


© Reuters

Алайда, препаратты қабылдағаннан соң үш аптадан кейін қорғаныс деңгейі төмендей ме, жоқ па белгісіз.

"Вакцина негізінен тиімді. 55 жастан асқан адамдарға да, ол 55 жасқа дейінгі адамдарға да тиімді, афроамерикалықтарға, латынамерикалықтарға, ақтүстілер мен азиаттарға да тиімді. Ол тұрақты түрде әсер етеді және қауіпсіз. Вакцинадан кейін қол ауырсынады, әлсіздік туындайды, бұлшықет ауырады", - дейді иммунолог Джон Грабенштейн.

Бразилияда сынаққа қатысқан ерікті көз жұмған

Қазанның ортасында вакцина салдырған адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Бразилияның денсаулық сақтау саласындағы Anvisa ұлттық қадағалау агенттігі коронавирусқа қарсы ұлыбританиялық AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті өндірген вакцина сынақтарына қатысқан азаматтың қайтыс болғанын хабарлады.

Бразилиялық азаматтың нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Себебі құжатта ер адамның өлімінің себебі "этикаға байланысты" жария етілмеді, сондай-ақ ерікті плацебо немесе белсенді препарат қабылдағаны туралы ақпарат айтылмаған.


© Reuters

28 жастағы жігіт коронавирус жұқтырған науқастарға арналған жансақтау бөлімінде жұмыс істегені белгілі. Кейін Бразилия тұрғыны коронавирус жұқтырғаннан кейінгі асқынулардан көз жұмғаны хабарланды.

Бразилияда AstraZeneca компаниясының вакцинасын сынауға сегіз мың адам қатысқан.

Бразилияда тағы бір өлім тіркелді

Қарашаның басында Бразилияда вакцина сынағына қатысқан тағы бір азамат көз жұмды. Бұл жолы қытайлық Sinovac Biotech Ltd. компаниясының вакцинасы сынақтан өткен.

Сан-Паулуда осы жобаға жауап беретін Бутантан институтының директоры Димас Ковас өлімнің вакцинаға байланысы жоқ екенін айтқан. Одан басқа бұл оқиғаға қатысты ақпарат жоқ.


© Reuters

Белгілісі сол кезде Бразилия санитарлық бақылау агенттігі (Anvisa) сынақты тоқтатқан - сарапшылар сынақты жалғастыру керегін түсіну үшін жанама әсердің себебін анықтауға кіріскен.

"Біз Anvisa-ға "ауыр жанама әсері" туралы емес, өлім туралы хабарладық. Бұл шешім (зерттеуді тоқтату - авт. еск) бізді тіпті таңғалдырады, өйткені бұл өлімнің вакцинаға байланысы жоқ", - деген еді Ковас сол кезде.

Қытайлық компанияның өкілдері өз вакцинасының қауіпсіз екеніне сенімді екендерін мәлімдеді. Олардың айтуынша, вакцина сынақ барысында 60 мың еріктіге салынған, сол кезде ешкім ауыр жанама әсерлер туралы шағым жасамаған.

Вакцинадан кейін көз жұмған мэр туралы жалған ақпарат тарады

30 қыркүйекте Ялта мэрі Иван Имгрунт Facebook-парақшасында пневмония жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Екі аптадан соң шенеунік қайтыс болған.

Артынша ресейліктер әлеуметтік желілерде Имгрунт вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болды деген ақпарат тарады. Бұл хабарламада әкімшілік басшысы "коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін жанама әсерлерден қайтыс болғаны" айтылған.


Иван Имгрунт. Фото: rbc.ru 

Бірақ көп ұзамай Қырым Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Санкт-Петербургтегі медициналық мекемелердің бірінде емделіп, кейін қайтыс болған Ялта қалалық әкімшілігінің басшысы Иван Иванович Имгрунтқа коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасы салынбады", - делінген ведомство хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети