10 марта 2020 | 10:52

Министр қай салада тауар қымбаттайтынын айтты

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов теңгенің құлдырауына байланысты азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да тауарлардың бағасының өзгеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов теңгенің құлдырауына байланысты азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да тауарлардың бағасының өзгеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде баға өте маңызды мәселе. Оны екіге бөлуге болады: азық-түлік өнімдері және азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлар. Ауыл шаруышылығы министрлігінің мәліметінше, азық-түлік өнімдерінің көбі - отандық өнім. Жергілікті ресурстарға тіркеулі. Сондықтан теңге бағамының өзгеруіне байланысты баға өзгерісі болмауы керек. Басқа факторлар, әрине, әсер етуі мүмкін. Бірақ ішкі ресурстарда өндірілетін тауарларға бағам шектеулі", - дейді Руслан Дәленов. 

Реклама
Реклама

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауар бағасына бағамның өзгеруі әсер етуі мүмкін. 

"Ішкі нарықта өндірілмейтін немесе қажет жағдайда өндірілмейтін электрон техника, фармация секілді саладағы өнімдер бағамның өзгеруі әсер етеді. Бірақ бұл жағдайлар 2009, 2016 жылдары да болған", - дейді министр. 

Еске салайық, кеше 9 наурызда ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге дейін өсті. Kurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram