12 мая 2020 | 10:20

Қытаймен шекараның жабылуы мен теңгенің құнсыздануы сауданы құлдыратты - Сұлтанов

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан-Қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде "Қорғас" ШЫХО тоқтауы қаңтар-сәуір айларында аймақтағы сауданың құлдырауын туғызды. Бұдан басқа теңгенің құнсыздануы импортталатын тауарлардың сұранысын төмендетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан-Қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде "Қорғас" ШЫХО тоқтауы қаңтар-сәуір айларында аймақтағы сауданың құлдырауын туғызды. Бұдан басқа теңгенің құнсыздануы импортталатын тауарлардың сұранысын төмендетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында осы жылдың өткен кезеңіндегі сауда саласының даму көрсеткіштерін министр Бақыт Сұлтанов баяндады. Айтуынша, сауданың нақты көлем индексі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға төмендеген.

Реклама
Реклама

"Осы жылдың алғашқы төрт айында ішкі сауда саласының даму көрсеткіші айтарлықтай бәсеңдегені байқалды. Сауданың нақты көлем индексі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға төмендеді. Негізгі құлдырау сәуір айында, яғни ел бойынша карантин шаралары енгізілгенде байқалады. Жалпы сауда саласында өткен жылмен салыстырғанда 34,8 пайызға, оның ішінде бөлшек 44,7 пайызға, көтерме сауда 27,8 пайызға төмендеді... Республикалық ішкі сауда құрылымында тек Алматы қаласының үлесі 40 пайызды құрайды. Қазақстан-Қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде "Қорғас" ШЫХО тоқтауы қаңтар-сәуір айларында аймақтағы сауданың құлдырауын туғызды. Бұдан басқа теңгенің құнсыздануы импортталатын тауарлардың сұранысын төмендетті", - деді Сұлтанов.

Сауда министрі алдағы уақытта электрон сауда жаңа серпін алатынын атап өтті. Себебі карантин кезіндегі дағдарыста шұғыл арада жедел шешім қабылдаудың маңызы зор.

"Кеше мемлекеттік комиссияның отырысында карантиндік режимді сақтай отыра сауда объектілерін бірте-бірте ашу туралы жарияланды. Дегенмен сауданы жаңғырту үшін басқа да шаралар қабылдану керек. Бұл проблеманы жүйелі түрде жедел шешімдерді табу қажеттігін ағымдағы дағдарыс тағы айқындап берді. Әкімдер сауда инфрақұрылымы жағдайына ерекше назар аударуы маңызды. Көтерме-тарату орталықтарын салуды бастап, сауда нарықтарының одан әрі жаңғыртуын тездетуіміз керек. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ұзақ мерзімді қаржыландыру құралдары кеңейтілетін болады. Сауда желілері мен айналым схемасы, форвардтық сатып алу дамып, электрондық сауда жаңа серпін алады", - деді ол.

Әйтсе де, карантин кезінде елімізде онлайн сауда жандана түскен. Жылдың алғашқы тоқсанында интернет арқылы тек сатып алудың өзі 89 миллиард теңгеге жеткен. Ал, онлайн-сатылым бойынша Алматы қаласының көрсеткіші 4 есе ұлғайған. Министр осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керегін атап, қазақстандық 50 кәсіпорын "Алибаба" халықаралық интернет сауда платформасында өз өнімін экспорттауға мүмкіндік алғанын жеткізді.

"Ішкі сауданың баяулауы аясында электронды коммерция кеңінен дамыды. Осы жылдың бірінші тоқсанында интернет алаңдарында сатып алу көлемі 89 миллиард теңгесін құрады. Алматы қаласында онлайн сатылым көрсеткіші 4 есеге асып, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбай, 50 мыңнан астам тұтынушылар қажетті тауарларды сатып алды. Электронды сауда қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарының ілгерілеу серпінін еске ала отырып, қазақстандық цифрлық сауда алаңшаларын ашылуын қолдауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. "Интернет-экспорттаушы мектебі" бағдарламасы әзірленіп, "Алибаба" халықаралық платформасы арқылы қазақстандық 50 кәсіпорын өз өнімін экспорттауға мүмкіндік алды", - деді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы еліміздің бірнеше саласына қиындық туғызды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше карантин режиміне қатысты мәлімдемесінде әлемде 400 миллионнан аса кәсіпорын банкрот болудың алдында тұрғанын жеткізген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram