Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін қашан алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін қашан алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Норма 2021 жылдан басталады деп жоспарлап отырмыз. Себебі Президент осы реформаға қатысты барлық нормативтік-құқықтық актіні жыл соңына дейін қабылдау керек деген тапсырма берді. Сондықтан біз жыл соңына дейін заңнамалық өзгерістер енгізіледі және үкіметтің тиісті қаулысы және министрліктердің бұйрықтары шығады деп есептейміз. Содан кейін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, менің ойымша, адамдар осы мүмкіндікті пайдалануы үшін бәрін жасаймыз деп ойлаймын", - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында.
Бұған дейін министр зейнетақы қорынан ақшасының бір бөлігін кім және қандай жағдайда ала алатынын түсіндірді.
Еске салайық, 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды және бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!