РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 июля 2020 | 15:50

Вице-премьер коронавирустан елдегі өлім-жітім деңгейін өзге елдермен салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім деңгейі төмен екенін айтты. Мысал ретінде ол көрсеткішті басқа елдермен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім деңгейі төмен екенін айтты. Мысал ретінде ол көрсеткішті басқа елдермен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоғжанов әр адамның өмірі ел үшін қымбат екенін айтып өтті.

"Бірақ біз басқа мемлекеттер мен де салыстырмалы түрде деректерді қарап отыруымыз керек. Оның ішінде АҚШ-та өлім-жітім деңгейі 5,3 пайызға жетіп отыр. Еуропа елдерінде 1,3 пайызға жеткен. Ресейде - 1,4 пайыз. Қазақстандағы соңғы деректерге байланысты, ауырғандар мен қайтыс болғандар санын салыстырып қарасақ, көрсеткіш 0,5 пайызға жеткен. Бұл жерде жасалған жұмыстар аз емес. Бірақ бұл өмір, осындай жағдайлар болып жатыр. Дәрігерлер әр азаматтың өмірі үшін күресетінін айтқым келеді", - деді вице-премьер.

Айта кетейік, Қазақстанда бүгінде 188 адам коронавирустан қайтыс болған. Ал COVID-19 жұқтырғандар саны 42574-ке жетті, оның 14059-ы аурудан жазылған.

Бетперде киюді әлі ұят санайтындар жоқ емес - Тоғжанов

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети