15 мая 2020 | 12:23

Вице-министр Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа сапасының жақсаруына не әсер еткенін айтты

Даурен Ерболат Журналист

Карантин режимі енгізілген соң Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауа сапасы жақсарды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин режимі енгізілген соң Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауа сапасы жақсарды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда карантин режимі енгізілген соң экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоғам мүшелерімен бірге Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа сапасын бақылау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіпті. 

Реклама
Реклама

"Алматы қаласына тоқталайын. Сараптама қорытындысына сәйкес, қаланың төменгі бөлігінде шаң бөлшектерінің мөлшері РМ 2,5 РМ10 аралығында болды. Ауаның ластануы жылу электр станциясының жұмысымен байланысты. Мұнда ЖЭС-2, ЖЭС-3 орналасқан. Сонымен қатар, қаланың жоғары бөлігінде ауаға азот оксиді газының таралу көрсеткіші төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда фенол концентраты көрсеткіші 60 есе төмендеді. Бұл автокөліктер шығаратын газдардың төмендегенін көрсетеді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда вице-министр елорда да ауа сапасы жақсарғанын атап өтті.

"Сараптама қорытындысы Нұр-Сұлтан қаласында автокөліктер шығаратын ауаны ластайтын газдардың төмендегенін көрсетеді. Алайда мұндағы ірі өндіріс орындары жұмыс істеп жатыр", - деді Ахметжан Пірімқұлов.

Сондай-ақ, ол Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша әкімдікпен жол картасын пысықтап жатырмыз. Оның ішінде ЖЭС-2, ЖЭС-3-ті газға көшіру немесе онда ауаны тазарту қондырғылары орнату жоспарда бар. Сонымен қатар, орман алқаптарын отырғызу, қоғамдық көлікті газға көшіру және тағы басқа жұмыстарды жүргізу жоспарда бар", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram