ПОДЕЛИТЬСЯ
01 октября 2020 | 17:25
Вице-министр коронавирустың екінші толқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.
"Бүгінде КВИ бойынша амбулаторлық ем алатындарға барлық емханада дәрі-дәрмек бар. Ол бес дәріні учаскелік дәрігерлер жазып береді. Сондықтан коронавирустың екінші толқынына дайындық ретінде ешқандай дәрі-дәрмек алып қоюдың қажеті жоқ", - деді министр.
Вице-министрдің айтуынша, қажет дәрі-дәрмектің барлығы емханада бар.
"Респираторлық вирустық инфекциялар мен пневмонияның бактериялық және вирустық түрімен ауыратындарға да тегін дәрі-дәрмек беріледі. Ол тізімде де бес препарат бар. Қызуға қарсы дәрілер, антибиотиктер және қабынуға қарсы дәрілер бар. Барлық препаратты учаскелік дәрігер науқастың жағдайына қарап жазып береді", - деді Ажар Ғиният.
"Шетелде жағдай нашарлады". ДСМ әуе рейстері санын азайтуды ұйғарды
Еске салайық, мұның алдында денсаулық сақтау министрі Түркиямен әуе қатынасын қысқартуды және басқа елдермен рейстерді ашпауды ұсынған болатын.
Ал бүгін көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Түркия мен БАӘ-ден оралған қазақстандықтар екі күнге стационарға жатқызылатынын айтты.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 107 979-ға жетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также