Бүгін елімізде бірқатар тағайындау болды. Экология вице-министрі, Қазақстанның Польшадағы елшісі мен Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалған. Tengrinews.kz тілшісі жаңа тағайындалған шенеуніктер туралы деректер жинады.
Бүгін елімізде бірқатар тағайындау болды. Экология вице-министрі, Қазақстанның Польшадағы елшісі мен Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалған. Tengrinews.kz тілшісі жаңа тағайындалған шенеуніктер туралы деректер жинады.
Серікқали Брекешев
Серікқали Брекешев - бүгіннен бастап экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі. Бұған дейін бұл қызметте Санжар Жаркешов болған еді.
Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 23 жасында Атырау политехникалық институтын "мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін, 1995-1997 жылдары "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген. 1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімі жедел бөлімінің инспекторы болды.
Кейінгі жылдары бірнеше қызметте инженер қызметін атқарған. 2007 жылы басшылық лауазымға тағайындалған. Жеті жыл бойы энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтерін атқарады.
Бұл қызметінен кеткен соң "ҚазТрансГаз" компаниясына барып, Техникалық саясат департаментінің директоры атанады. Содан бері түрлі департаментте директор қызметінде жұмыс істейді. Соңғы қызметі - "ҚазТрансГаз" компаниясы бас директорының орынбасары.
Шенеунік бірнеше рет марапатталған. Мысалы, Мұнай және газ министрлігінің, Қазақстан Президентінің құрмет грамоталарын алған. Сондай-ақ, былтыр "Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалін таққан.
Әлім Қирабаев
Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне Әлім Қирабаев тағайындалды. Ол 1972 жылы 16 сәуірде Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Оқып жүріп АҚШ-та тағылымдамадан өткен. Сондықтан ағылшын тілін жетік меңгерген.
Қирабаев өмір бойы дипломат қызметінде жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын 1997 жылы Еуропа елдері басқармасында референт қызметімен бастаған. Кейін БҰҰ басқармасының үшінші хатшысы лауазымында болған. 1999 жылдан бастап Халықаралық экономикалық серіктестік департаментінің екінші хатшысы қызметін атқарған.
2000 жылы Әлім Қирабаев алғаш рет шет елге ұзақ уақытқа іссапарға аттанды. Қызметі - Қазақстанның Мысырдағы елшілігінде екінші хатшы. 2003 жылы елге оралып, Еуропа пен Америка департаментінің кеңесшісі қызметіне тағайындалады. Кейін басқа да департаменттер қызмет етеді.
2005 жылы Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде бірінші хатшы болды. Келесі жылы елге оралған соң түрлі департаментте директор, басшы орынбасары қызметтерін атқарады.
Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметіне тағайындалмас бұрын ҚР СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған.
Малғажар Тәткеев
Бүгін Малғажар Тәткеев Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол 1960 жылы 8 желтоқсанда Көкшатау облысының Қызылту ауылында туған. 23 жасында ІІМ-ге қарасты Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Содан кейін 14 жыл бойы ішкі істер органдарында қызметкер болған. 1997 жылы салық полициясы органына ауысып, сонда 12 жыл бойы еңбек еткен.
2009 жылы аз уақыт Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігіне қарасты басқарма басшысының орынбасары қызметінде болған. Кейін Солтүстік Қазақстан облысы Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментін басқарған. 2010 жылы дәл осы қызметті Қарағанды облысында атқарған.
2013 жылы Тәткеев алғаш рет әкім қызметіне тағайындалды. Бір жылға жуық уақыт Ақмола облысы Зеренді ауданын басқарған. Ал 2014 жылдан бүгінге дейін уақыт Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі қызметінде болған.
Шенеунік "Құрмет" ордені, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл", "ҚР прокуратурасына 20 жыл" медальдарымен мараптталған. Полковник шені бар.