РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 июля 2020 | 12:06

Вице-министр дәрі бағасын көтерген дәріханаларға қандай жаза барын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттардың бағасын реттеу бойынша құзыреті бар. Бұл норма өткен жылы күшіне енген. Мұндай пікірді денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттардың бағасын реттеу бойынша құзыреті бар. Бұл норма өткен жылы күшіне енген. Мұндай пікірді денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, 6 мыңнан астам дәрінің шекті бағасы арнайы интернет ресурстарда көрсетілген. Тұрғындар сол жерден бағасын көре алады. Егер дәріханаларда бағаның көтеріліп сатып жатқанын анықтаған жағдайда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне хабарласуға болады.

"Содан кейін дәрілердің көтерме және бөлшек саудадағы бағасын бекіту туралы норма бекітілді. Қазір бұл норма 6 мыңнан астам дәріге қатысты қолданылады. Дәрілердің шекті бағасы Денсаулық сақтау министрлігінің Комитетіне қарайтын аумақтық департаменттерінің сайтында, сондай-ақ, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының dari.kz қосымшасында көрсетілген. Сонымен қатар, дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасының сертификатын, тіркелгенін, пайдалану нұсқаулығын көруге болады.

Дәріханалар дәрінің бағасын көтеріп сатқан жағдайда, Комитеттің аумақтық департаменттеріне немесе Комитеттің өзіне жүгіну керек. Мұндай жағдайда біз әкімшілік айыппұлдар саламыз, егер ережебұзушылық қайталанса, оның (дәріхананың - авт.) жұмысын тоқтатуға дейін шара қолданамыз", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, вице-министр еліміздің аймақтарына парацетамол препаратының жеткізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазір ол (парацетамол - авт.) Алматы, Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласындағы дәріханаларда бар. Алдағы 2-3 күнде басқа аймақтарға да жеткізіледі. 70 мың қаптама ингавирин препараты апта соңына дейін жеткізіледі. Тамифлю препараты да - 49 мың қорап болып осы аптаның соңына дейін дәріханаларда болады. Отандық өндірушілердің антибактериялық препараттары қазір сатылып жатыр", - деді Бюрабекова.

Еске салайық, бұған дейін вице-министр коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге 59 түрлі дәрі-дәрмекті алу үшін 138,8 миллион теңге жұмсалғанын айтты. Бұл дәрілер аймақтарға жіберілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети