РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 сентября 2021 | 15:49

Вакцинаға қарсы көрсетілімі бар тұрғындар демалыста сауда орталықтарына кіре ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда вакцинаға қарсы көрсетілімі бар тұрғындар демалыста сауда орталықтарына кіре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда вакцинаға қарсы көрсетілімі бар тұрғындар демалыста сауда орталықтарына кіре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. 

"Сенбі жексенбі күндері "жасыл" статусы бар адамдар ғана Ashyq қосымшасын қолданатын нысандарға кіре алады. Одан бөлек, соңғы жеті күнде ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар адамдар және медициналық анықтамасы бар адамдарға "жасыл" статус беріледі. Ол адамдар қандай да бір нысанға кіруі үшін анықтамасын көрсетуі керек. Жалпы медициналық анықтама созылмалы аурулары бар, аллергиясы бар адамдарға екпе салдыруға болмайтын жағдайда беріледі. Оның ішінде, жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар әйел адамдар да бар. Бірақ олардың да қолында тиісті анықтамасы болуы керек. Бұл жаңа қаулыға сәйкес қабылданған шаралар", - деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ брифингінде. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Алматының бас санитария дәрігері қаладағы карантин режимін жеңілдеткен болатын. Құжатта қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаны жазылған - коронавирус жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді. Инфекциялық төсек-орынның толу көрсеткіші, сондай-ақ, жедел жәрдем шақыру мен ауруханаға жатқызу деңгейі де төмендеді.

Осыған байланысты санитария дәрігері карантин режимін жеңілдеткен. Яғни 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері де жұмыс істей алады. 

Қатысушылар 00:00-ге дейін, ал Ashyq көшбасшылары сағат 02:00-ге дейін жұмыс істей алады. 

6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері Ashyq қатысушыларының жұмысы 00:00-ге дейін, ал көшбасшы қатысушылардың жұмысы 02:00-ге дейін ұзарады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети