РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 января 2021 | 17:41

Вакцина барша қазақстандыққа тегін болады - вице-министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы ақпанда 90 мың, наурызда 150 мың дозасы нарыққа шығады. Ал тұрғындар сәуірден бастап вакцина ала алады. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ресейлік "Спутник V" вакцинасы ақпанда 90 мың, наурызда 150 мың дозасы нарыққа шығады. Ал тұрғындар сәуірден бастап вакцина ала алады. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Вице-министрдің айтуынша, сәуірден бастап елімізде вакцина 600 мың дозадан өндіріледі. 

"Вакцинаның нарыққа шығатын кестесі бекітілді. Ақпанда 90 мың доза өндіріледі. Наурызда 150 мың, келесі айларда 600 мың дозадан нарыққа шығарылады. Сәуір-мамырда Қазақстандағы осал топқа кірмейтін адамдар үшін вакцинация қолжетімді болады. Осы тұста қазақстандық вакцинаның сынағы мен өндірісін күтіп отырмыз. Сол кезде халыққа вакцина салдыру көлемі артады. Жыл соңына дейін 6 миллионға жуық адамға екпе салынады деп жоспарлап отырмыз", - деді Марат Шоранов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Журналистің қосымша сұрағына министрлік өкілі вакцинация қазақстандықтарға тегін болады деп жауап берді. 

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вакцинация тегін болады. Бұл кезеңде бүкіл елде вакцинация мемлекет қаражатына жасалады деп жоспарланып отыр. Тиісті қаражат мемлекет резервінен алынады, бұл шығын есептелді. Тиісінше, вакцина халық үшін тегін болады", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация 1 ақпанда басталатынын хабарлаған болатын. Алдымен осал топтағы адамдарға екпе егіледі. 

  • 1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері вакцина ала алады.
  • 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-ның педагогтері, медициналық қызмет қызметкерлері.
  • 1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер және созылмалы ауруы бар адамдар егу салдырады.
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети