ПОДЕЛИТЬСЯ
17 апреля 2020 | 18:51
"Үйден шықпаңыздар". Науқастардың 70 пайызында аурудың белгісі жоқ
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға коронавирус пандемиясы кезінде үйден себепсіз шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға коронавирус пандемиясы кезінде үйден себепсіз шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, елімізде 1480 адам қауіпті індетті жұқтырған.
"Назарларыңызды келесі мәселеге аударғым келеді. Біз 1 науқас 80 адамға дейін инфекцияны жұқтыру дерегін анықтадық. Карантинде жатқанына қарамастан көршілер бір-бірімен араласып, ауру жұқтырып жатыр. Мұндай дерек те бар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Айжан Есмағамбетова коронавирус өте жұқпалы инфекция екенін атап өтті.
"Орташа есеппен, 1 науқас 30 адаммен байланыста болған. 70 пайыз жағдайда аурудың белгісі байқалмайтынын анықтадық. Яғни адам сыртынан сау болып көрінсе де, аурудың белгісі байқалмаса да жанындағылар ауруды жұқтырады", - деді ол.
Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға үйде отыруға кеңес берді.
"Коронавирус инфекциясын алдын алудың жалғыз жолы карантин режимін енгізу болып саналады. Үйде отырыңыздар. Қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар. Тәртіп сақтасақ, қарапайым, тыныш өмірімізге тезірек ораламыз", - деді Айжан Есмағамбетова.
Сондай-ақ ол Қазақстанда 423 дәрігер қауіпті вирусты жұқтырғанын атап өтті.
"Медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының жұқтырудың 423 дерегі 13 өңірде тіркелді. Жоғары көрсеткіш Алматыда - 53 пайыз, Нұр-Сұлтанда - 33 пайыз, Шымкентте - 24 пайыз. Медицина ұйымдарында дәрігерлердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында әр өңірде 10 пайыздан 20 пайызға дейін резерв қарастырылды. Сондықтан медицина қызметкерлері жеткілікті", - деп түйіндеді сөзін бас санитар дәрігер.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1498-ге жетті. 340 науқас жазылды, 17 адам қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также