20 августа 2020 | 18:17

Ұстау операциясы және шенеуніктердің соты. Күннің басты жаңалықтары

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты. Сонымен қатар, бүгін түрлі себеппен істі болып жатқан шенеуніктерге қатысты деректер шықты. Оның ішінде Қызылорда облысының бұрынғы әкімі мен БҚО спорт басқармасының экс-басшысы бар. Tengrinews.kz тілшісі 20 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты. Сонымен қатар, бүгін түрлі себеппен істі болып жатқан шенеуніктерге қатысты деректер шықты. Оның ішінде Қызылорда облысының бұрынғы әкімі мен БҚО спорт басқармасының экс-басшысы бар. Tengrinews.kz тілшісі 20 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус тағы 224 адамнан табылды

Реклама
Реклама

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 244 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы 110 адам тіркелді.

Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 38 / 8
Алматы қаласы - 24 / 8
Ақмола облысы - 17 / 10
Ақтөбе облысы - 6 / 5
Алматы облысы - 4 / 1
Атырау облысы - 20 / 20
Шығыс Қазақстан облысы - 27 / 4
Жамбыл облысы - 8 / 7
Батыс Қазақстан облысы - 18 / 10
Қарағанды облысы - 25 / 10
Қостанай облысы - 13 / 4
Қызылорда облысы - 1 / 1
Маңғыстау облысы - 7 / 7
Павлодар облысы - 3 / 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 16 / 5
Түркістан облысы - 17 / 9.

Осылайша, елімізде барлығы 103 815 адамнан COVID-19 табылды. Оның 86 450-і аурудан жазылған, 1461-і қайтыс болған.

Ал 1 тамыздан бері есептелетін пневмония статистикасы мынадай: 20 541 адам ауырып жатыр, 237 науқас көз жұмған.


©REUTERS 

БҚО спорт басқармасының экс-басшысын ұстау сәті: видео

Кеше БҚО спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов үйінде ұсталған болатын. Бүгін оның ұсталған сәтінің видеосы пайда болды. Видеоны Оңдағановтың адвокаты Абзал Құспан жариялады.

Заңгер үйді полицейлер қоршап алғанын мәлімдеді.

"Мүслім Оңдағанов үйінде заттарын жинап, түзету мекемесіне қайта баруға дайындалып жатты. Осыған қарамастан, арнайы жасақ есікті бұзып кірді. Олар ішке кіріп, оның отбасының барлық мүшесін, оның ішінде 64 жастағы зейнеткер ағасын жерге жатқызды. Бастарына автомат тақады. Олар, тіпті, кішкентай балаларды да аямады, олар бұл жағдайдан қорқып, жылай бастады. Кейбір зат бүлінген, ал кейбірі ұрланған, қазір ұрланған заттардың тізімі жасалып жатыр. Зейнеткер ағасы  ауруханаға жеткізілді", - деді Абзал Құспан.

Қазір қорғаушы апелляциялық шағым дайындап жатыр. Онда ол сот орындаушысы Папашева Оңдағанов жапқан залалды дұрыс көрсеткенін айтты. Залал - 51 миллион теңге.

"Залалдың жалпы сомасының төленбеген бөлігі 67 миллион теңге емес, одан да аз. Мен ұсынған және іс материалдарында сотталған басқа адамдарға, Бекарыстанов пен Жетпісовке қатысты қаулы бар, олар келтірілген залалдың бір бөлігін төлеп, шартты түрде босатылған. Сондай-ақ, ай сайын олардың жалақысының бір бөлігін сот орындаушылары ұстап қалады", - деді адвокат.

Кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескені үшін жазалануы мүмкін

Алматы облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалған күні кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескен Ерғали Сыдыманов қатысты оқиға жалғасын тапты. Бүгін Алматы облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановпен болған жағдай талқыланды.

Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлының айтуынша, Әдеп жөніндегі кеңес Қазақстанның денсаулық сақтау министріне облыстың санитар дәрігеріне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

"Көбі оны жұмыстан шығару керек десе де, мен мұны ең оңтайлы және әділ шешім деп санаймын. Біріншіден, ол өз кінәсін толық мойындап, қала мен облыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Екіншіден, видеода балағат сөздер немесе қорлау болған жоқ. Үшіншіден, ол денсаулық сақтау саласында тәжірибесі мол және еңбек өтілі бар өз ісінің маманы", - деп жазды Нұр Қанатұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

Bek Air билеттер үшін 60 миллион теңге төлеуге міндеттелді

Былтыр 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан бетте құлаған Bek Air ұшағының оқиғасы бүгін жалғасын тапты. Сол кезде бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған еді.


©REUTERS 

Сол апат салдарынан компания жұмысы уақытша тоқтатылып, Bek Air алдын ала билет сатып алғандардың ақшасын қайтаруы керек болатын.

Бүгін Bek Air әуекомпаниясы билеттер үшін 60 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сот талаптарын толық көлемде қанағаттандырылғанын айтты

"Министрліктің талаптары негізінде Bek Air әуекомпаниясына қатысты  бірқатар сот талқылауы өтті. Сот талап-арыздарды толық көлемде қанағаттандырды. Бұл 990 тұтынушының 60 миллион теңгесі", - деді Сұлтанов халықпен есептік кездесуде.

Қызылорда облысының экс-әкімімен бірге кімдер сотқа тартылады?

Сонымен қатар, бүгін Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісіне қатысты деректер шықты. Ысқақов аса ірі көлемде алаяқтық жасады (ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) деген күдікке ілінген.


Қуанышбек Ысқақов

Дәл осы бап бойынша онымен бірге тағы төрт адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Олар Қызылорда облысы әкімінің экс-орынбасарлары Мұрат Имандосов және Марат Делмұханов.

Сондай-ақ айып тағылған акті бизнесмендер Жеңісбек Ысқақов, Азат Досмайыловқа берілді.


Мұрат Имандосов. Фото: mail.ru/imandossov.m


Марат Делмұханов. Фото oldru.kyzylorda-news.kz

Әкімнің бұрынғы орынбасарлары мен бизнесмендерге қылмыстық құқықбұзушылықты жасауға жәрдемдесті деген айып тағылды.

Сот талқылауы 24 тамызда өтеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram