РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 сентября 2020 | 13:25

Украинада туған, оқытушы болған. Жаңа төтенше жағдайлар министрі туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ОКҚ баспасөз қызметі Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

Таяуда ғана құрылған Төтенше жағдай министрлігінің алғашқы басшысы белгілі болды. Ведомствоны енді Юрий Ильин басқарады. Бұған дейін ол ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Tengrinews.kz тілшісі жаңа төтенше жағдайлар министрі туралы мәліметтер ұсынады.


Таяуда ғана құрылған Төтенше жағдай министрлігінің алғашқы басшысы белгілі болды. Ведомствоны енді Юрий Ильин басқарады. Бұған дейін ол ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Tengrinews.kz тілшісі жаңа төтенше жағдайлар министрі туралы мәліметтер ұсынады.

Еңбек жолын Ресей мен Украинада бастаған

Юрий Ильин 1968 жылы 9 сәуірде Украинадағы Куйбышев қаласында дүниеге келген. Желіде оның бала кезі туралы ақпарат жоқ. Жоғары білімді Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінде алған. Оны 1989 жылы тәмамдаған. Сол жылдың тамызынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі болған.

Ильин кейін Украинаға оралған. 1992 жылдан бастап бір жыл Сумск облысындағы Азаматтық қорғаныстың 390-курсында оқытушы болып жұмыс істеген. Артынша үш жыл бойы сол курс басшысының орынбасары қызметін атқарған.

1996 жылы Қазақстанға келіп, Алматы облыстық төтенше жағдайлар басқармасына жұмысқа кірген. Мұнда ол дайындық орталығының аға офицері болған. Кейін сол басқармада азаматтық қорғаныс бөлімін басқарған, бірақ басшы ретінде бір ғана жыл жұмыс істеген.


Фото: gov.kz

1999 жылы Алматы облысы төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалып, сонда 6 жыл қызмет еткен. Кейін де Алматы қаласындағы түрлі басқармада жұмыс істеген. 2006 жылы тағы бір мамандық бойынша тәлім алған. Қырғыз мемлекеттік заң академиясында "заңгер" мамандығы бойынша оқыған.

Ал 2013 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Екі жылдан кейін Президент Әкімшілігіне ауысқан. Мұнда ол жарты жылдай Мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы болған.


Фото: gov.kz

2016 жылы сәуірде Юрий Ильин ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне кірісіп, сонда төрт жылдан аса жұмыс істеген. ІІМ-де жүргенде ол су тасқыны немесе сел мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берген.

Бүгін ол төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Қазақстанда мемлекеттік қызметте жүргеніне 24 жылдан асқан.

Үйленген, үш баласы бар

Юрий Ильин үйленген, екі ұлы мен бір қызы бар. Жеке мәліметтері туралы анықтамада тек орыс тілін білетіні жазылған.

Мемлекеттік қызметте жүрген кезде бірнеше медальмен марапатталған. 2013 жылы "Құрмет" орденін таққан. Ал биыл мамырда генерал-майор шенін алған.

Сонымен қатар, Юрий Ильиннің аты жазылған сот істері бар. Мысалы, 2009 жылы ол Алматы төтенше жағдайлар департаментін басқарып тұрған сәтте Toyota Prado көлігін басқара алмай, алдында тұрған көлікке соқтығысқан. Ильин сол кезде кінәсін мойындап, 13 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.


Фото: caravan.kz 

2012 жылы Ильин тағы да істі болған. Сол кезде ол Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы қызметінде болған. Алматы Әділет департаменті Юрий Ильин басқаратын ведомствоны тексеріп, бірнеше заңбұзушылық тапқан. Сол кезде Ильин заңсыз бұйрықтар шығарды деп айыпталып, оған 16 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети