ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мая 2020 | 15:24
ҰБТ өтеді, соңғы қоңырау соғылады - Тоғжанов білім беру мекемелерінің жұмысы туралы
Оқу жылының соңына дейін 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оқу жылының соңына дейін 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, биыл мектептерде соңғы қоңырау 3-4 маусым күні соғылады.
"Жыл соңына дейін (оқу жылы - авт.) 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Аттестаттарды беру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күні мектеп жанындағы ашық алаңдарда өтеді. Тек адам саны аз болуы керек және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы керек. ҰБТ штаттық режимде 20 маусымнан бастап, санитарлық нормаларды сақтай отырып, 168 пункт бойынша өтеді", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте.
Тоқаев әлемде 400 миллионнан аса кәсіпорын банкрот болудың алдында тұрғанын айтты.
Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі карантин режиміне қатысты мәлімдесінің мәтіні жарияланды. Онда Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы "ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін" екенін жазған.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бойынша 5 138 адам коронавирус жұқтырған. 31 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также