РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 октября 2020 | 13:06

"Туыстарынан жұқтырған". Алматыда 7 оқушыдан коронавирус анықталды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  еlements.envato.com Фото: еlements.envato.com

Алматыда қыркүйекте мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырған 7 жағдай тіркелді. Бәрі қашықтан оқу кезінде ауырған. Балалар бір-бірімен тікелей қатынаста болған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қыркүйекте мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырған 7 жағдай тіркелді. Бәрі қашықтан оқу кезінде ауырған. Балалар бір-бірімен тікелей қатынаста болған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласындағы КВИ-дың  эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Тәулік өсімі көрсеткіші 0,006 пайыз, таралу индексі  1-ден төмен.  Қыркүйекте барлығы 165 КВИ жағдайы тіркелді (106 симптоматикалық және 59 симптомсыз), сондай-ақ 194 этиологиясы белгісіз пневмония. Эпидемиологиялық зерттеулер барысында КВИ ошақтарында 305 байланыс анықталды, оның 3 жағдайы ПТР әдісімен тіркелді", - деді Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, озық зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, бұрын анықталған пневмонияның  48,8 пайызға жуығы, яғни 247 науқастың қорытынды сараптамалары  тереңірек зерттелген. Зерттеу барысында 35  адамнан (14 пайызы) COVID-19 диагнозы анықталса, 87 (35 пайызы) адамда бактериялық пневмония болып шыққан.

Ал оқу жылының басынан бері алматылық оқушылар арасында 7 баладан коронавирус анықталған.

"Өткен тәулікте (4 қазанда) коронавирустың 1 жағдайы тіркелді, ол симптомсыз болған Этиологиясы белгісіз пневмония жағдайы  - 1. Қыркүйекте мектеп оқушылары арасында КВИ инфекциясының 7 жағдайы тіркелді. Бәрі қашықтан оқыту кезінде жұқтырған. Балалар бір-бірімен тікелей қатынаста болған. Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 4 оқушы инфекцияны туыстарынан жұқтырғаны анықталды, 2 оқушы медициналық мекемелерге ЖРВИ белгілерімен жүгінген кезде анықталды, 1 оқушы бронх демікпесінен санаторий-курорттық емделу алдында профилактикалық тексеру кезінде табылды. Ал, мектепке дейінгі балалары арасында КВИ ауруы болған жоқ". - деді қаланың бас санитары. 

Сондай-ақ, Бекшин қазір Алматы қаласында ЖРВИ-мен сырқаттанудың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты екенін атап өтті.

"Эпидемиялық маусым басталғалы бері яғни 2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ЖРВИ-дің 85975 жағдайы тіркелді, сырқаттану деңгейі - 4421,24. Бұл өткен эпидемиялық маусымның кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайыз төмен (2018-2019 жж. барлығы – 84653 жағдай, көрсеткіш - 4586,34). 14 жасқа дейінгі балалар арасында өсіммен 48478 жағдай тіркелді, олардың үлесі 56,4 пайыз болды. Бұл алдыңғы эпидемиялық кезеңдермен салыстырғанда 8 пайыз төмен (2018-2019 эпидемиологиялық маусымда, балалар арасында 54 548 жағдай - 64,4 пайыз)", - деді ол брифингте.

Еске салайық, бүгіннен бастап Алматы карантин шаралары жеңілдетілді.

Қазір Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 14 398-ге жетті. 14 102 науқас жазылды, 275 адам қайтыс болды. 

Ал елімізде COVID-19 108 236 адамнан анықталып, 103 277 науқас емделіп шықты және 1 725 науқас көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети