РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 сентября 2023 | 07:37

"Түтінге тұншықтық". Ақтөбедегі қоқыс полигоны тағы өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Ақтөбеде қоқыс полигоны тағы отқа оранды. Екі күн бойы тұрғындар есік-терезелерін аша алмай отыр. Бүгін де қаланы көк түтін басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Жаз басталса ақтөбеліктердің көретін күні - осы. Полигон өртенсе халық әбден қиналады. Бұл жолды да тұрғындар екі күн ыстың исінен тіпті көшеде жүре алмады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Әсіресе, полигонға жақын ықшам аудандардың тұрғындары жанайқайларын әлеуметтік желі арқылы білдірді. Мәселе, қанша рет көтерілсе де әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Редакцияға хабарласқан "Батыс-2" ауданының тұрғыны Айгерім Құламанбаева таңертең даланың ыс сасып тұрғанын айтты.

"Осымен екінші күн болды. Таңертең таза ауа жұтайын десең, терезе аша алмайсың. Даладан ыстың исі келеді. Тұман болып тұрады. Полигон өртенсе далаға шығудан қаламыз. Бұған бір шара қолдану керек қой. Қашанғы осылай өртене береді. Ала жаздай көрген күніміз осы. Түтінге тұншықтық" - дейді Айгерім.

Қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, өртті болдырмау үшін арнайы жұмыс қолға алынған. Яғни қазіргі таңда ескі полигонды топырақпен көму жұмыстары басталыпты. Бұл мақсатқа 160 миллион теңге бөлінген.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қазіргі күні полигон аумағындағы тілсіз жауды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің 35 техникасы мен 45 адам жұмыс істеуде.

Фото: Massaget.kz

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети