Әлеуметтік желіде мұғалімдердің мектептегі отырысында түсірілген сурет пайда болды. Суретте ішімдік шөлмегі көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде мұғалімдердің мектептегі отырысында түсірілген сурет пайда болды. Суретте ішімдік шөлмегі көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жазбаны Facebook қолданушысы "Өсиет, тілек, бата, құттықтау" тобында бөліскен.
"Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, нөмірі 17-ші Ы.Алтынсарин жалпы орта мектеп мұғалімдері, биология кабинетінде, сабақ уақытында спирттік ішімдік ішіп, той тойлап отыр", - делінген жазбада.
Фото: Facebook
Түркістан облысы Білім басқармасының өкілдерінің сөзінше, бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын болған.
"Бұл 2018 жылы желтоқсан айында түсірілген сурет. Одан кейін барлық мектептің басшысына алқа жиналыстарында ескертілген. Бүгінде мектептердегі педагогтерге пандемияға байланысты топтасып жүруге, жиындар өткізуге, педагогтердің іс-шараларын өткізуге тыйым салынған", - деді облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Махаббат Махамбеткәрімқызы.
Оның айтуынша, бұған қатысты басшылар жазаланған болуы мүмкін. Бірақ ол кезде басқа басшылық болғандықтан оны анықтау мүмкін емес.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!