РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 апреля 2020 | 14:09

"Түні бойы жұмыс істедік". Жұмағалиев сайттың қалай жасалғанын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Турар Казангапов ©️ Фото Турар Казангапов ©️

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге арналған сайттың қалай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге арналған сайттың қалай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыссыз қалған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде жәрдемақыны тағайындау үшін арнайы сайт іске қосылатынын хабарлаған. Бірақ Асқар Жұмағалиев оны іске қосу оңай болмағанын жеткізді.

"28 наурызда тиісті регламент бекітілді. Біз IT, байланысшы мамандармен бірге түні бойы жұмыс істедік. Менің ойымша, мұнда өтірік айту мүмкін емес. IT мамандары мұны түсінеді. Мұндай шешімдерді жүзеге асыру біраз уақыт алады. Тиісті техникалық құжаттарды нақтылау керек. Жүйені сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуге уақыт болған жоқ. Біз түні бойы жұмыс істеп, ертеңінде бұл қызметті іске қостық. Кейін жәрдемақыны беру бойынша тиісті қызметті көрсете бастадық", - дейді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бір сәтте бұл порталға 15 миллион адам кіріпті. Бұл сайттың жұмысына теріс әсерін тигізген. Бірақ бұл мәселені шешу үшін дер кезінде тиісті шешімдер қабылданыпты.

Сондай-ақ, Асқар Жұмағалиев 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша қазақстандық алғанын айтқан болатын.

Еске салайық, осыған дейін қаржы министрі Әлихан Смаилов Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін, ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтқан.

Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өткен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетті. 35 науқас жазылды, 4 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети